Головкин мен Шеремета жекпе-жегі: Нақты уақыты қашан

4218

DAZN стриминг қызметі 18 желтоқсан Холливудта өтетін бокс кешінің уақытын жария етті. Бұл шоудың басты жекпе-жегінде орта салмақта IBF және IBO чемпионы Геннадий Головкин (40-1-1, 35 КО) міндетті қарсылас польшалық Камил Шереметамен (21-0, 5 КО) жұдырықтасады.

vesti.kz-тің хабарлауынша, Ивенттің басталуы жергілікті уақытпен 17:00-ге жоспарланған, ал кештің басты кездесуі 20:00-де.

Осылайша, Қазақстан уақытымен андеркард жекпе-жектері сенбі, 19 желтоқсан таңғы 04:00-де басталады , ал Головкин - Шеремета айқасы 07:00-ге жоспарланған. Дегенмен кардтағы жекпе-жектердің қалай аяқталарына байланысты кесте уақыты өзгеруі де мүмкін.

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар