4-сынып оқушылары 8 жасар ұлды зорлаған

3065
Adyrna.kz Telegram

Қарағанда облысында 4-ші сынып оқушылары 8 жасар баланы зорлап, камераға түсірген. Бұл туралы «НеМолчи» қорының басшысы Дина Таңсәрі (Смайылова) Facebook желісінде жазды, деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы.

«Қарағанды облысындағы 8 жастағы ұлдың ата-анасынан тағы бір хабарлама келді. Олардың баласын 4-сынып оқушылары зорлаған. Басқа балалардың көзінше порнографиялық видеоларды көруге мәжбүрлеген»,-деп жазды ол.

Қор басшысының сөзінше, бұл соңғы он күн аралығындағы үшінші мәлімдеме.

Сондай-ақ, «Немолчи.kz» қоғамдық қорының мүшесі Татьяна Король да өз пікірін білдірді.

«Шымкентте он екі жасар ұл бала 4 жастан 8 жасқа дейінгі бес балаға екі ай бойы азғындық жасаған. Түркістанда он бес жастағы үш жасөспірім интернатта он төрт жасар баланы зорлаған. Сіз осындай ұрпақтан не күтесіз? Балаларыңызбен сөйлесіңіз. Оларға жыныстық қатынас туралы, қауіпсіздік туралы, Заң туралы, ең бастысы махаббат пен шынайы сезім туралы түсіндіріңіз! Отбасыңыз бен балаларыңызды бәрінен жоғары қойыңыз»,-деп сөзін қорытындылады ол.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер