Адольф ГИТЛЕР сайлауда жеңіске жетті

1886

Фашистік Германияның жетекшісі Адольф Гитлермен аттас саясаткер Намибиядағы сайлауға қатысып, жеңіске жетті. Бұл туралы Daily Mail газеті хабарлады.

Адольф Гитлер Уунона 85 пайыз дауыспен бұрынғы Германия колониясында сайланды, онда бірқатар көшелер, орындар мен адамдар әлі күнге дейін неміс аттарын алып жүр.

СВАПО (Оңтүстік-Батыс Африканың халықтық ұйымы - “Адырна” ұлттық порталы) партиясының тізімінен орын алған Адольф Гитлер немістің Bild басылымына нацистік идеологияға «еш қатысы жоқ» екенін айтты. “Менің әкем менің есімімді осы кісінің құрметіне қойды. Ол Адольф Гитлердің не істегенін түсінбеген шығар”, - деген. «Бала кезімде бұл мүлдем қалыпты есім деп ойладым. Мен жасөспірім кезімде ғана бұл адамның бүкіл әлемді жаулап алғысы келгенін түсіндім », - деп қосты саясаткер.

Ол өзін әйелі Адольф деп атайтынын, бірақ оны әдетте бәрі Адольф Уунона деп атайтынын да айтқан. Ол атын ресми  өзгерту өте кеш болатынын атап өтті. «Менің атым менің Ошананы (сайлауда жеңген аймақ) жаулап алғым келетіндігін білдірмейді», - деп атап өтті саясаткер. «Бұл менің әлемдегі үстемдікке ұмтылатынымды да көрсетпейді», - деп қосты Адольф Гитлер Уунона.

Бір кездері Германияның оңтүстік-батыс Африка деп аталатын Намибия 1884 жылдан бастап Бірінші дүниежүзілік соғыстан кейін империя иелігінен айырылғанға дейін неміс отары болды.

Фото ашық дереккөзден алынды “Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы