Мұғалімдердің орташа жалақысы қанша?

3328
Adyrna.kz Telegram

Білім және ғылым министрлігінің өкілдері қазақстандық мұғалімдер орташа есеппен қанша алатынын айтты, - деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап.
Ресми сауалға ведомство өкілдері Қазақстанның Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросының деректеріне сәйкес, білім саласындағы қызметкерлердің 2020 жылдың II тоқсанындағы орташа айлық жалақысы 184,4 мың теңге екенін айтты. 2019 жылы 126,1 мың теңге болған.

Сондай-ақ министрлік өкілдері мұғалімдердің жалақысы неге байланысты екенін айтты. 

Білім беру ұйымдары қызметкерлеріне жалақы төлеу мыналарға байланысты жүргізілетіні анықталды:

  • білім деңгейі;
  • біліктің болуы;
  • еңбек өтілі;
  • еңбек жағдайы;
  • орындалатын жұмыс көлемі;
  • өтемақы және ынталандыру түріндегі үстемеақылар мен қосымша ақының болуы (ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша магистр дәрежесі бар болған жағдайда, сынып жетекшілігі үшін, дәптерлер мен жазба жұмыстарын тексергені үшін және т.б. қосымша ақы).

Одан бөлек, ведомство өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік мекемелердегі мұғалімдердің жалақысы оқу жүктемесі негізінде ұйымның бірінші басшысы бөлетін және аптасына нормативтік жүктемені ескере отырып есептеледі.  

Фото ашық дереккөзден алынды

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер