21 елмен тікелей байланысқа шыққан ғалым

3145
Adyrna.kz Telegram

Ғылым бағыты бойынша «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, «Лингвистика» мамандығы бойынша философия докторы (PhD) Қуаныш Жұмабекұлының 4 тілде (қазақ, орыс, ағылшын және түрік тілдерінде) «Салмақты сұхбат» халықаралық онлайн кездесуін өткізіп жатқаны белгілі. Идея авторы, ұйымдастырушы — «Серпер» сыйлығының иегері, «Қазақстанның 100 жаңа есімі» жобасының жеңімпазы, докторант, ақын Ержан Жұмабекұлы.

Қуаныш Жұмабекұлы 21 елмен (АҚШ, Канада, Мысыр, Нигерия (Африка), Кения (Африка), Англия (Ұлыбритания), Германия, Италия, Франция, Швеция, Аустрия, Жапония, Оңтүстік Корея, Малайзия, Иран, Түркия, Ресей, РФ Саха Республикасы (Якутия), Моңғолия, Өзбекстан (Қарақалпақстан), Қырғызстан) тікелей байланысқа шықты. Бұл сан әлі де арта түседі. Сондай-ақ еліміздегі танымал тұлғалар, әр саланың мамандары «Салмақты сұхбаттың» қонағы болды.

Сұхбаттың мақсаты – мемлекеттік тіл мәселесін және басқа да түрлі саладағы өзекті тақырыптарды көтеру, халыққа пайдалы ақпарат беру.

Салмақты сұхбаттан қапы қалмаңыздар!

Instagram: kuanysh_zhumabekuly
yerzhan_zhumabekuly

YouTube: Қуаныш Жұмабекұлы

Пікірлер