Данияр Елеусінов IBF белбеуіне ие болды

6923
Adyrna.kz Telegram

Қазақстандық кәсіпқой боксшы  Данияр Елеусінов жартылай орта салмақта бұрынғы әлем чемпионы Джулиус Индонгоны техникалық нокаутпен жеңіп, IBF Intercontinental белбеуіне ие болды.

Голливудтағы бокс кешінің андеркардында өткен кездесу он раундқа жоспарланған еді. Қазақстандық боксшы қарсыласын екі рет нокдаунға түсіріп, екінші раундта жекпе-жекті тоқтатты.

Айта кетейік, бүгін отандасымыз кәсіпқой бокстағы оныншы жекпе-жегін өткізді.

«Адырна» ұлттық порталы

Пікірлер