Қазақстан құрамасы Литвадан жеңіліп, соңғы орынға сырғыды

3368
Adyrna.kz Telegram

Футболдан Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасында Литвадан жеңілді. Алматының Орталық стадионында өткен ойын 1:2 есебімен аяқталды, - деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы Vesti.kz-ге сілтеме жасап.

Бұл ойында есепті біздің құраманың ойыншылары ашқан болатын. 38-минутта Абат Айымбетов нәтижелі соққымен көзген түсті. Бірақ Қазақстан құрамасы басымдықты көп ұстап тұра алмады. Арада екі минут өткен соң қонақтар Стас Покатиловтың қақпасына гол соғып, есепті теңестірді. Көзге түскен - Модестас Воробьёвас. Ал екінші таймның аяқталар тұсында Литва құрамасы жеңіс голын соқты. Бұл жолы Арвидас Новиковас көзге түсті.

Екінші таймда Қазақстан құрамасы бір ойыншыға кем ойнады. Матчтың 50-минутында Исламбек Қуат екінші сары қағазын алып, алаңнан қуылды.

Бұл жеңілістен кейін Қазақстан құрамасы С лигасының 4-тобында соңғы орында қалды. Енді төменгі дивизионға түсіп кетпеу үшін біздің құрама тағы бір кездесу өткізеді. Биыл Ұлттар лигасында Михал Билек жаттықтыратын құрамамыз төрт ұпайға қол жеткізе алды.

Айта кетейік, бұл бас бапкер Михал Билек үшін ұлттық құрамадағы соңғы ойыны болуы мүмкін. Себебі кейбір БАҚ өкілдері чех маманын жуырда қызметінен кететінін жазып жатыр.

 

Сурет ҚФФ

Пікірлер