Дулат Ағаділге ескерткіш қойылды

4675
Adyrna.kz Telegram

Азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің бейітінің басына ескерткіш қойылды. Монументті журналист Тұрарбек Құсайынов өз қаражатына жасатқан. Белгілі саясаткер Зәуреш Батталованың  айтуынша, ескертіштің ашылу рәсімі 25 қарашада өтуі керек болған. Бірақ Дулат Ағаділдің ұлы Жанболаттың қазасына байланысты ашылу рәсімі кеше өткен. 

"Кісі өлтіру - бұл қылмыс. Ал саяси көзқарастары үшін адам өмірін қию - халыққа қарсы жасалған еш кешірілмейтін қастандық.

Фотосуретте сіз 2020 жылдың ақпанында ҚР Ішкі істер министрлігінің зынданында қаза тапқан белгілі азаматтық белсенді Дулат Ағаділдің құрметіне жасалған ескерткіш-мүсінді көре аласыз. Қазақстандықтардың көпшілігі Дулаттың өлімі оның әлеуметтік-қоғамдық қызметімен байланысты деп санайды.

Бұл монумент Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорының заңгер-сарапшысы, Қазақстандық үкіметтік емес ұйымдары жөніндегі адам құқықтарын қорғау желісінің мүшесі, «Демос» қоғамдық бірлестігінің төрағасы, Халықаралық журналистер федерациясының (IFJ) тілшісі Тұрарбек Құсайыновтың бастамасымен және жеке қаражатымен жасалды.

Тұрарбек сонымен қатар "Мен қалай рухани жаңғырдым", "Шырмауық", "Зұлмат: Шығыс Түркістанның күйреуі", "Саяси режим құрбандары", "Айдаһардың айласы"атты кітаптардың авторы.

Тұрарбек Құсайыновтың бостандықтың символы, халық батыры Дулат Ағаділге ескерткіш жасау туралы бастамасын ең алғашқы болып біз қолдадық. 25 қарашада өтетін ескерткіштің салтанатты ашылуын жоспарлаған едік, бірақ өкінішке орай қайғылы жағдайдың орын алуына байланысты ескерткіштің ашылуы бүгін Дулат Ағаділдің ұлы Жанболатты жер қойнына тапсыру, яғни жерлеу күні болды.

Неліктен Қазақстанда жазықсыз адамдар қыршынынан қиылып жатыр?", - деді Зәуреш Батталова.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Пікірлер