Түркі кеңесі Таулы Қарабахтағы жағдайға қатысты мәлімдеме жасады

2930
Adyrna.kz Telegram

Түркі кеңесінің бас хатшысы Бағдад Әміреев Әзербайжан Республикасының оккупацияланған территорияларындағы әскери қақтығысқа байланысты терең алаңдаушылығын білдіреді деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы Оғыз ДОҒАННЫҢ фейсбуктағы жазбасына сілтеме жасап.

Түркі кеңесі халықаралық құқық нормалары мен қағидаларын ұстанатындығын тағы бір рет білдіре отырып, Армения-Әзербайжан жанжалын Әзербайжан Республикасының егемендігі, аумақтық тұтастығы және халықаралық деңгейде мойындалған шекараларының мызғымастығы негізінде тез арада шешудің маңыздылығын мәлімдейді.

Осыған байланысты Түркі кеңесі БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің 1993 жылы қабылданған тиісті шешімдері негізінде Армения қарулы күштерінің Әзербайжан Республикасының оккупацияланған барлық аумақтарын жедел, сөзсіз және толықтай босатуын талап етеді.

Бас хатшы адам қазасына байланысты Әзербайжан халқына көңіл айтады және жаралылардың тезірек сауығып кетуін тілейді.

Фото ашық дереккөзден алынды.

Пікірлер