Ғалымдар Шолпанда өмірдің белгілерін тапты

2388
Adyrna.kz Telegram

АҚШ пен Ұлыбритания ғалымдары Шолпан ғаламшарында өмірдің белгілері болуы мүмкін деп санайды. Олар планетаның атмосферасында фосфин тапты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агентігі.

"Бұл жаңалық Гавайидегі Джеймс Кларк Максвелл телескопымен және Чилидегі миллиметрлік диапазондағы Атакама үлкен антенна торымен жасалды. Фосфин бөлшектерінің концентрациясы миллиардқа 20-ны құрады", - дейді зерттеумен таныс дереккөз.
Фосфин - түссіз, өте улы газ. Жерде оны оттегін қажет етпейтін анаэробты микроорганизмдер шығарады. 2019 жылы экзопланеталар (басқа жұлдыздардың айналасындағы планеталар) атмосферасында фосфинді іздеу олардағы өмірдің мүмкіндігінің белгісі ретінде ұсынылды.
Ғалымдар осы уақытқа дейін фосфиннің биологиялық емес шығу жолдарын таба алмағандығын ескерсек, Күн жүйесіндегі екінші планетада өмір болуы мүмкін.
Мамандар жақын арада баспасөз мәслихатында ресми ақпарат беруге уәде берді, содан кейін Nature журналында жарияланым пайда болады.

Пікірлер