Тоқаев Ильинді министр етіп тағайындады

11395
Adyrna.kz Telegram

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев төтенше жағдайлар министрін тағайындады, деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған Sputnik.kz.

"Юрий Ильин Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалсын", - деп жазылған жарлық мәтінінде.

Ильин бұған дейін ішкі істер министрінің орынбасары болған. Ол төтенше жағдайлар жөніндегі қызметтер мәселесімен айналысты.

Юрий Ильин туралы не білеміз

Юрий Ильин 1968 жылы Куйбышев қаласында туған.

1989 жылы Алматы жоғары жалпы әскери училищесін, ал 2006 жылы Қырғыз мемлекеттік заң академиясын тәмамдады.

Әртүрлі жылдары Алматы облыстық төтенше жағдайлар басқармасы оқу дайындығы орталығының аға офицері, Алматы қалалық төтенше жағдайлар басқармасының азаматтық қорғаныс бөлімінің бастығы, басшының орынбасары қызметтерін атқарды.

2005-2011 жылдары Алматы қаласы төтенше жағдайлар департаменті басшысының орынбасары болды.

2011-2013 жылдары Алматы қаласы мобилизациялық дайындық, азаматтық қорғаныс, апаттар мен табиғи апаттарды жою басқармасын басқарды.

 

Фото ашық дереккөзден алынды.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Галкин и Пугачева станцевали зажигательный танец на Кипре
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер