Бүгін - бүкіләлемдік суицидті алдын алу күні

971

10 қыркүйек — бүкіләлемдік суицидтің алдын алу күні. Бұл әлем бойынша жаһандық проблема. Статистика мәліметтеріне сүйенсек, әлемде соғыс пен зорлық-зомбылықпен өлтіру салдарынан қанша адам өлсе, өз-өзіне қол жұмсаудан сонша ма адам көз жұмады. Бұл күн адамдардың назарын омы мәселе аударып, суицидтан алдын алу насихатталады.

Әр адам күйзелістен шыға алмайтындай, осымен өмір тоқтап қалғандай күй кешеді. Ол сынаққа кейбіреулер мойымай, төтеп бере алатын болса. Кей адамдар тығырықтан шығудың жалғыз жолы өзіне қол жұмсау деп ойлайды.

Әлем елдерінен Қазақстан (1 жыл бұрын ВВС жариалаған статистикаға сүйене) суицид жасау бойынша 6-шы орында.

1. Гайана

2. Лесото

3. Ресей

4. Литва

5. Котд’Ивуар

6. Казақстан

Суицид жасаушылардың басты проблемалары - өзін ешкімге керек емес сезіну, жалғыздық, қаржылай мәселелер және ата-аналарымен арадағы араздық.

Адамның кей-кезде өзін жалғыз, ешкімге керексіз адамдай сезінуі қалыпты жағдай. Ондай кезде өзіңізді жақсы көріп, уақытты өзіңізге арнап, ұнайтын істеріңізбен айналысқаныңыз жөн.

Ата-анаңызға сіздің ренжитіндей жөніңіз жоқ. Сізді дүиеге алып келіп, осы күнге жетуіңіздің өзі ата-ананың арқасы. Олар не айтса да, сіз үшін жаман зат айтпайды. Сол себепті ата-ананы барынша қадірлеу керек.

Ең бастысы - өзіңізді, өмірді сүйіңіз. Не болса да, ақ пен қарадан тұратын өмірде, әр нәрсенің артында жақсылық тұрады. Әрқашан, дауылдан соң күн шығады.

 

Лаура ТҰРСЫНЖАН,

“Адырна” ұлттық порталы

 

 

Пікірлер
Ұқсас жаңалықтар