Қарақат Әбілдина алтыншы баласын дүниеге әкелді

6196
Adyrna.kz Telegram

Танымал дуэт Қыдырәлі мен Қарақаттың отбасында сәби дүниеге келді. Қарақат Әбілдина тағы бір қыздың анасы атанды. Бұл туралы әншінің жары Қыдырәлі Болманов өзінің Instagram парақшасында хабарлап, жұрттан сүйінші сұрады.

«Сүйінші, сүйінші, қазақ елі! Мейірімді Алла ай мен күннен жаратып, тағы бір тәтті-ақ қыз берді... Алла қосқан ақ Қақатым балпанақтай бөпе әкелді өмірге! Аса қамқор Аллаға сансыз мадақтар болсын, Қазақ елі! Қуанышты бөліссең көбейеді деген... Перзент сұрап жүрген жандарға құдіреті күшті Алла көптеген бөпелер бергей! Әрбір отбасына бақыт берсін!», - деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Instagram қолданушылары қос әншінің қуанышына ортақтасып, тілектерін жаудырып жатыр.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер