Рустам Әлиұлы Алматы облысы әкімінің орынбасары болып тағайындалды

1015

Алматы облысы әкімі Амандық Баталовтың бұйрығымен Рустам Әлиұлы облыс әкімінің орынбасары болып тағайындалды деп хабарлайды «Адырна»  Dalanews.kz-ке сілтеме жасап.

36 жастағы Рустам Алпысбаев Жетісу өңірінің идеология саласына жауап береді. Облыстық Ішкі саясат басқармасына басшылық еткенде аймақтың медиа саласына барынша көңіл бөлінді.

Түрлі іс-шаралар, ақпараттық, дүние танымдық жобалар іске асырылды. Атап айтқанда #TaldyParis, Хан тәңірі, Мұқылай жобалары, Орбұлақ тарихи шайқасының реконструктиялық қойылымы секілді ірі шаралар аймақ жұртының әлі есінде.

Алпысбаев Рустам Әлиұлы 1984 жылы туған.

Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін шығыстану мамандығы бойынша (бакалавр, магистратура, докторантура), І. Жансүгіров атындағы мемлекеттік университетін қаржы мамандығы бойынша бітірген. Философия докторы (PhD).

Бірқатар ғылыми зерттеу кітаптарының авторы және бірлескен авторы.

Еңбек жолын Алматы қаласында «Деловая неделя» газетінің тілшісі болып бастаған.

Кейін Centralasiaonlaine.com сайтында фрилансер, «Каспий» Орта Азия мен Кавказдағы этномәдени және геосаяси зерттеулер журналының Қазақстандағы ресми өкілі, «Деловая неделя» газетінің халықаралық бөлімінің редакторы, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Шығыстану факультетінің оқытушысы, «Деловая неделя» газеті бас редакторының орынбасары, Талдықорғандағы «Жетісу жастары» МҚКК директоры, І. Жансүгіров атындағы ЖМУ-дың журналистика кафедрасының оқытушысы, Ескелді ауданы Қайнарлы ауылдық округінің әкімі, Алматы облысының жастар саясаты мәселелері жөніндегі басқармасының басшысы, «ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының» Алматы облысы бойынша филиалының оқытушысы болды.

2016 жылдың мамырынан – Алматы облысының ішкі саясат басқармасына басшылық етті.

 

 

Пікірлер
Редакция таңдауы