Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына төленіп жатқан ақша қайда?

2793
Adyrna.kz Telegram

     Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі (МӘМС)-денсаулық сақтау мүддесін әлеуметтік қорғаудағы мемлекеттік жүйе болып табылады.

    МӘМС Қазақстанның барлық сақтандырылған азаматтарына жынысына, жасына, әлеуметтік жағдайына, тұрғылықты жеріне және табысына қарамастан медициналық және дәрілік көмекке тең қолжетімділік жасауға кепілдік береді.

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) ауру, жарақат алу, туу және жүктілік, мүгедектік және кәрілік жағдайларында халықтың денсаулығының мүддесін әлеуметтік тұрғыда қорғау нысаны.

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы азаматтар Қазақстандағы кез-келгенемханада медициналық көмек ала алады. Көрсетілген қызмет шығындарын Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры төлейді. МӘМС аясында науқастарға көмек көрсететін 2000-ға жуық медициналық мекеме таңдалды. Олардың 60 пайызы-жекеменшік клиникалар.бүгінгі күнге дейін қазақстандықтардың 83 пайызы жаңа жүйе бойынша сақтандырылып үлгерген.

   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының миссиясы:

Халықты тиімділігі дәлелдеген, қолжетімді медициналық көмекпен теңдей қамтамасыз ету.
Жұртшылықты медициналық көмекке негізсіз жұмсалатын артық шығындардан қорғау.
Медициналық қызметтерді кепілдік пен теңгерімді сақтау отырып сатып алу.

 Міндетті әлеуметтік медицналық сақтау қорының басты мақсаты:

Қор пациенттердің мүддесіне сай тиімді әрі сапалы медициналық көмекті стратегиялық сатып алумен айналысатын қаржылық орнықты ұйым.

  Міндетті әлеуметтік медициналық сақтау қорының міндеті:

Азаматтарды жаппай медициналық көмекпен қамтамасыз ету.
Көрсетілетін медициналық қызметтің сапасын тиісті деңгейде ұстап тұру.
Қорды медициналық қызметтерді стратегиялық саты алушы ұйым ретінде дамыту.

МӘМС қорына қанша төлеу керек?

   Міндетті әлеуметтік медициналық  сақтандыру аясында тегін берілетін дәрі-дәрмек тізіміне 600-ге жуық препарат енді. Әлі де енбеген дәрілердің бар екендігін және оларды ұлғайтуға мүмкіндік бар екенін айтқан еді бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов.

  Дәрі-дәрмек мәселесіне қатысты бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов былай деген еді: «Дәрігерлер науқастың жағдайына, ауруына қарай өзінің кәсібінде пайдаланып жүрген клиникалық стандарт бойынша көмек көрсетуі қажет. Оны біз бақылауда ұстаймыз. Дәрігер өзінің шешімі бойынша науқасқа қандай дәрі қажет деп санаса, сол бойынша рецепт жазып береді. Яғни 100 пайыз толықтай тегін берілетін дәрі деген сөз емес. Әр емханада, әр дәрігердің алдында арнайы комьютерлік бағдарлама бар. Маман диагноз жасағасын, тегін дәрінің тізімі шығады. Соның ішінен қажетті деп тапқанын таңдап алуға болады. Әрине, біз азаматтарғатаңдау береміз. Кей азаматтар отандық препараттарды алғысы келмейді, сондықтан олар үшін альтернатива болады.»

   Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру арқылы санаторлық-курорттық ем алу инсульт, инфаркт, онкология, транспонтология аурулары бойынша жоспарлануда.

    Міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінің артықшылығы – жарнаны әркім өз мүмкіндігіне қарай төлеп, қажетіне қарай медициналы көмек көрсетілетіндігінде. МӘМСпакетіне кіретін қызметтер толық көрсетіледі және қосымша ақы төлеуді қажет етпейді.

    2021 жылға қарай дәрігерлер жалақысы орта есеппен 30% өседі. Міндетті әлеуметтік медицналық сақтандыру арқсында 2021жылға қарай пациенттерге көрсетілетін жоғары технологиялық қызметтер саны  жылға қарай пациенттерге көрсетілетін жоғары технологиялық қызметтер саны 30% артып, жылына , жылына 3,5 мың ота жасалынатын болды.

 

“Адырна” ұлттық порталы

Пікірлер