Алматыда COVID-19 жұқтырғандардың 60% емделіп шықты

2327
Adyrna.kz Telegram

Алматы қаласының әкімі Бақытжан Сағынтаев Үкіметте карантин шараларының нәтижесін баяндады, деп хабарлайды  Адырна ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

«5 шілдеде күшейтілген шаралар енгізу дұрыс шешім болды. Алматыдағы эпидемиологиялық жағдай кешенді түрде тұрақтанды.

Мегаполистегі коронавирус жұқтыру өсімі 2,2%-ға дейін төмендеді», - деді Алматы әкімі Үкімет отырысында. Қазір қалада 10 955 COVID-19 жұқтыру жағдайы тіркелген. Оның ішінде 6 341 адам немесе 60% емделіп шыққан. 28 адамның халі ауыр, өкінішке қарай, 73 адам (0,68%) коронавирустан қайтыс болған.

«Пневмония және COVID-19 күдігімен жедел жәрдем шақырулар саны 4 есе азайды. Стационарларға жатқызылатын адамдар саны 2 еседен астам көрсеткішке төмендеді. Емханаға жүгінушілер саны да 2 есе азайды», - деді Бақытжан Сағынтаев.

“Адырна” ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Вот, что излечит ваши запястья даже в 75 лет! Нужно взять...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер