«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры елімізге 200 дана тыныс алу аппаратын жеткізбек

2474
Adyrna.kz Telegram

Бүгінгідей ел басына күн туған  сәтте қиналған қауымға жақыннан жәрдем көрсету мақсатында “Ер Жәнібек” халықаралық қоғамдық қоры шетелдерден елімізге 200 дана тыныс алу аппаратын алдырып, елдің індетті ертерек еңсеруіне қол ұшын созбақ.

Бастаманы қор президенті Жеңіс Түркияұлы өзі қаржысына 100 апарат алып, қалған 100 апаратқа қор жанашыры болып жүрген  азаматтарды аттанысқа келтіріп отыр. Шешім қабылданған осы аптаның өзінде жүзден астам аппарат алатын қаржы жиналып үлгерген. Игі шараға атсалысамыз деген ағайынға алғысымыз шексіз.

Қордың атынан мына банк картасына ақша жіберуге болады. Каспи голд: CASPKZKA, KZ37722C000021611188. Кабдолла Таскынбек. 8702 1319619. ИИН: 830403302793 Байланыс: Жеңіс Түркия 87770000052, Тасқынбек Қабдолла: 8702 1319619

"Ел басына күн туса,  ер етігімен су кешіп,  ат ауыздығымен су ішеді" деген ескіден қалған сөз бар. Қиын сәтте ел еңсесін көтерісуге ат салысыу азаматтарға лайық әрі сауапты іс. Шараға ұйытқы болған және үлес қосып жатқан азаматтарға ел атынан рахметімізді айтамыз.

«Ер Жәнібек» халықаралық қоғамдық қоры 

Пікірлер