Қорымдағы жемқорлық

2850
Adyrna.kz Telegram

Алматылық тұрғындар зираттардағы екі есе өскен бағаларға шағымдануда. Өлім-жітім көбейген сайын қорымдарда да «жемқорлық» өсті деп хабарлайды Адырна ұлттық порталы Астана телеарнасына сілтеме жасай отырып. 

 Алматылық Марат Дарибаев  пневманиядан көз жұмған анасын бірнеше күн бұрын ғана жер қойнына тапсырған. Оның айтуынша, анасын осы Алматыдағы орталық зиратқа жерлеген. «Содан үш күннен соң қабір басына бардым, расын айтсам, көрген көрініске  жағамды ұстадым. Менің анамның қабірінің маңайында тағыда топырағы кеппеген ондаған қабірлер пайда болыпты. Топырақтың әлі де суымағаны көрініп тұр. Бұл бар – жоғы бір үш –ақ күннің ішіндегі жағдай», дейді Марат Дарибаев.

Әлеуметтік желілердегі топырағы кеппеген қабірлер түсірілген бейнежазбаларда жұртшылықты алаңдатып отыр. Бірақ, «Алматы қаласындағы салттық қызмет көрсету арнайы комбинаты» ЖШС мегаполистегі жерлеу рәсімдерінің артқандығы туралы ақпаратты жоққа шығарды.

Осы комбинат өкілінің айтуы бойынша ақпарат шындыққа жанаспайды екен, оның үстіне қорым Алматы қаласының аумағында орналаспаған.

Жақындарын жерлеу кезіндегі  заңсыз алым-салымдар қалалықтардың наразылығын тудырып отыр. Ринат есімді қала тұрғыны Батыс қорымның әкімшілігі оған екі еселенген тариф мөлшерін  мәлімдегенін айтты.

Қазіргі күні  қабір қазу бағасы - елу мың теңгеге жуық. Үлкен зираттарда-шамамен сексен мың. "Іс жүзінде жерлеу  қызмет көрсету саласын ешкім бақыламайды, сондықтан мұнда жемқорлық өсіп келеді", - дейді қоғам қайраткері Марианна Гурина. Қоғам қайраткері біреудің қайғысынан, біреудің өлімінен пайда тауып отырғандарға ашынды. Жемқорлық дәл қазір өзінің арсыз жағын мықтап көрсетті. Біздің өміріміздегі бұған дейін болған және қазір болып жатқан нәрселер осы күні бұрынғыдан да айқын бола бастады.  Бұған  қайтіп болсын ықпал етуге болмай ма? Барлық  болып жатқан әрекеттерді басқарып, қадағалайтын  арнайы штаб құрылуы қажет.  М. Гуринаның сөзінше арнайы штаб жоқ дегенде осы пандемия кезінде құрылуы керек.  Орган әкімдік қызметкерлері мен қоғам қайраткерлерінінен тұруы тиіс, олар жағдайды қатаң бақылап, салт-жораларды ұйымдастырушылардың жақындарынан айырылғандардан  пайда көруіне  кедергі жасайды.

Мүмкін  қоғам қайраткері  айтқандай, бақылаушы орган құрылса тірілер өлгендерді пайдаланып бизнес жасауды тоқтатар.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер