ДДСҰ коронавируссыз Түркіменстанға бет бұрды

3805
Adyrna.kz Telegram

Дүниежүзілік Денсаулық сақтау Ұйымы әлі күнге бірде-бір коронавирус уаруы тіркелмеген Түркіменстанға барды. Ұйым ел басшылығынан вирус таралған елдердегідей шараларды қолдануды сұрайды деп хабарлайды БҰҰ.

ДДСҰ сарапшылары елге жақында ғана келді.. Олар жедел респираторлық инфекциялар мен белгісіз шығу тегі пневмониясының көбеюі туралы хабарламаларға жауап ретінде бақылауды күшейтуді және тексеруді ұсынды.

«ДДСҰ-ның техникалық консультативтік миссиясы 6 шілдеде Түркіменстанға үкіметтің шақыруымен келді,   оларды межелі жерге дейін жеткізуге көмектесті». а ДДСҰ Еуропалық бюросының төтенше жағдайлар жөніндегі аға маманы Кэтрин Смолвуд конференцияның жабылуында  ауруханаларға, денсаулық сақтау орталықтарына, зертханаларға және үш шекара өткізу пунктіне, соның ішінде Түркменбашы халықаралық теңіз портына бардып, жағдаймен танысқандарын мәлімдеді.

ДДСҰ миссиясын басқарған Кэтрин Чичвуд Түрікменстанда COVID-19 расталған жағдайлары тіркелмегенін қадап айтты бірақ ол «ел вирустың қауіпті екенін толық біледі» деді және COVID-19-ға қарсы дайындық шараларын қабылдау керектігін ескертті».

Сарапшылар респираторлық инфекцияның, оның ішінде көпшілік іс-шаралар кезінде, базарларда, дүкендерде және қоғамдық көліктерде таралуын болдырмауға бағытталған шараларды енгізуді жоғары бағалады.

Жақында отандық автобус пен пойыздардың қызметіне шектеулер қойылды, деді Смолвуд. Сондай-ақ, жеке қорғаныс шаралары енгізілді, мысалы, маска кию, қол гигиенасы және физикалық қашықтық.

ДДСҰ Түрікменстанға COVID-19 анықталған жағдайда жасалуы керек негізгі шараларды қабылдауға кеңес берді: жедел респираторлық инфекциясы бар адамдарды анықтау, оларды оқшаулау және уақтылы тестілеу, байланыстарын анықтау және науқастарды емдеу.

«Біз өткір респираторлық инфекциялар немесе белгісіз шығу тегі бар пневмония санының көбеюі туралы көптеген хабарларға қатты алаңдаушылық білдіреміз, сондықтан қадағалау және тестілеу жүйелерін күшейтуді және көптеген елдердегідей ДДСҰ-ның референс-зертханаларына аурудың алғашқы сатысында сынамаларды қайта сынақтан өткізуді ұсынамыз», - деді Кэтрин Смолвуд.

Оның айтуынша, «Түркіменстанның денсаулық сақтау жүйесі COVID-19 қарсы тұру үшін қажетті әлеуетке ие».

«Түрікменстан қабылдайтын шаралар тек елдің өзі ғана емес, сонымен бірге Орталық Азия аймағының, Еуропа аймағының және бүкіл әлемнің тұрғындарына да әсер етеді», - деп қорытындылады сөзін Кэтрин Смолвуд.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер