Солтүстік Кореяның көшбасшысы Ким Чен Ын үш аптадан кейін көпшілік алдына көтеріңкі көңіл-күймен шықты деп хабарлайды «Адырна» ұлттық порталы lenta.ru-ға сілтеме жасап.
Соңғы екі айда Солтүстік Корея президенті бірнеше рет ұзақ уақытқа жоғалып кеткен болатын. Ол 24 мамырда үш апталық үзілістен кейін алғаш рет көпшілік алдында көрінді. Республика басшысы комитет отырысын өткізіп, ұлттық қорғаныс күштерін нығайтуға қойылатын талаптарды талқылады.
Сәуір айының ортасында Ким Чен Ын атасы Ким Ир Сеннің туған күнінде болмаған болатын. Осыған байланысты саясаткердің қайтыс болуы немесе ауруы мүмкін деген қауесет пайда болды. Алайда, 2 мамырда Кореяның Орталық телеграф агенттігі мен елдің ресми баспа басылымы Кимнің жаңа зауыттың ашылу салтанатындағы суреттерін жарияланды.