Шымкенттіктер карантин режимін қатаң сақтауы тиіс

1242

Шымкент қаласының тұрғындары! Сіздерге қалада карантиндік режим жалғасып жатқанын тағы да хабарлай кеткіміз келеді. Облыстың бас  санитары Әбдіманап Төлебаевтың қаулысына сәйкес, қала тұрғындары үнемі бетперде тағып жүруге міндеттеліп отыр. Санитар дәрігер қала тұрғындарына адамдар көп жиналатын жерлерге бармауын сұрайды. Оған қоса, қоғамдық орындарда, кәсіпорындар мен дүкендерде (базарларда) санитарлық-эпидемиологиялық нормалар қатаң сақталу керек. Ағайын-туыстарыңыз бен көрші-қолаңдарыңызға аталған ескертпелерді жеткізулеріңізді сұраймыз.

Қала тұрғындарын арандатушыларға ермеуге шақырамыз. Карантин тәртібін бұзғандар жауапкершілікке тартылады.

Соңғы дерекке сәйкес, Шымкентте 464 адамға індет жұғып, олардың 193-і жазылып шықты. Өкінішке қарай 6 адам коронавирустан көз жұмған.

Шымкент қаласы

 

Пікірлер
Редакция таңдауы