Су тасқынынан зардап шегушілердің барлығына өтемақы беріледі

2873
Adyrna.kz Telegram

Үкімет сағатында Түркістан облысының әкімі Өмірзақ Шөкеев Асқар Маминге Арыстағы тәжірибеге сүйене отырып  эвакуацияланған әр тұрғынға өтемақы беру қажет деп ойлаймын деді.

- Су елді мекендерден кеткен соң үйлерге кіріп, келтірілген шығындарды есептеуіміз қажет. Содан кейін комиссиямен бірігіп үйлерді қалпына келтірудің жолдарын қарастыру қажет. Ол үйлерде әртүрлі мүліктер қалды. Ол мүлікке нақты  қандай зиян келгенін есептеу қиын. Сондықтан Арыстағы тәжірибеге сүйене отырып мүліктің шығынын өтеу үшін су тасқыны кезінде эвакуацияланған әр тұрғынға өтемақы беру қажет деп ойлаймын. Апат кезінде 7 мың гектардан астам егістікке шығын келді. Оны да өтеп беруге көмектесуіміз керек,-деді Шөкеев.

Бұған дейінгі есептеулерге сәйкес,  845 тұрғын үй, 10 дүкен,  4 медицина нысаны, 3 мектеп, 5 бала-бақша,  1 мәдениет үйі суда қалған. Жеңіс, Өргебас, Достық, Жаңатұрмыс, Фирдоуси ауылдарындағы апатты жоюға 1000-ға жуық құтқарушы мен 200-дей техника тартылған. 7639 гектар егіндік қызыл судың астында қалған.

"Адырна" ұлттық порталы

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
У кого болят колени и суставы - читайте пока не удалили!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Этот танец невесты оставит вас без слов! Пересмотрела 10 раз!
Пікірлер