Түркістан облысындағы мектепте ата-ана мен мұғалім төбелесті (ВИДЕО)

5892
Adyrna.kz Telegram
Фото: видеодан алынды
Фото: видеодан алынды

Түркістан облысындағы мектептердің бірінде ата-ана мен мұғалім арасындағы жанжал болды. Оқиға видеоға түсіп қалған, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Otyrar.kz-тің мәліметінше, екі әйел алдымен оқу орнындағы кабинеттің жанында сөзге келген. Содан кейін олардың біреуі екіншісін жағадан алып, қабырғаға итереді. Содан соң әйел мұғалімнің аяғын шалғандықтан, ол еденге құлайды. Балалар мен мұғалімдер болып жатқан оқиғалардың куәгерлері болды. Олар әйелдерді ажыратуға тырысқанымен, нәтиже болмады.

"Жағдай Түркістан облысының білім басқармасының бақылауында. Іс полицияға берілді. Бірақ бірнеше күннен кейін ата-ана мектепке ұжымнан және зардап шеккен мұғалімнен кешірім сұрап келді. Екі тарап өзара мәмілеге келді", — деп хабарлады Түркістан облысының білім басқармасы.

Пікірлер