Шымкентте 153 мыңға жуық адам әлеуметтік төлемақы алды

2042
Adyrna.kz Telegram

Шымкент қаласының 153  мыңға жуық тұрғыны 42 500 теңгелік әуметтік төлемақы алды.

Төтенше жағдай кезінде табысынан айырылған азаматтарға мемлекеттен берілетін 42 500 теңге тұратын әлеуметтік төлемді 16 сәуір, сағат 15:00-ге дейін 152 521 адам алды. 382 669 жолданған өтімнің 144 850-ына түрлі себептерге байланысты төлем жасалған жоқ.

42 500 теңге әлеуметтік мынадай себептермен кері қайтарылады:

-Өтінім берушінің жеке бас дерегі дұрыс көрсетілмеген;

-Банк реквизиттері дұрыс көрсетілмеген;

-Өтінім берушінің тұрақты жалақы төленетін жұмысы бар (оның ішінде мемлекеттік қызметкерлер және бюджеттік ұйымдардың қызметкерлері);

-Зейнетақы мен жәрдемақы алушылар, ТЖ режимі енгізілгенге дейін ресми жұмыс істемеген;

-Өтінім берушіде ТЖ режимі енгізгенге дейін соңғы 12 айда әлеуметтік аударымдар, зейнетақы жарнасы, БЖТ жасалмаған немесе өзін бейресми жұмыспен қамтушылардан өтінім берген уақытқа дейін БЖТ жіберілмеген;

-Өтінім қайтыс болған адамның немесе ҚР-дан тыс жерде тұратын азаматтың атынан берілген.

Шымкент

Пікірлер