Нью-Йоркке мәйіт жинау үшін әскер кіргізіледі

3673
Adyrna.kz Telegram

Нью-Йоркке коронавирус әскерлері орналастырылды
АҚШ билігі коронавирусқа қарсы күресу үшін Нью-Йоркке әскер жібереді, деп мәлімдеді АҚШ президенті Дональд Трамп Ақ үйде өткен брифингте, деп хабарлайды "Адырна" CNBC-ке сілтеме жасап.

Президент қалаға барлығы 1 мың әскер жіберілетін болады деді. Өйткені  Нью-Йоркте корновирус қатты таралуда. Ол сонымен қатар Нью-Йорк штатына және қалаға өкпеге арналған тыныс алу аппараттарын жіберетінін хабарлады. Қазір қоймаларда мұндай құрылғылардың 10 мыңы бар, деді Трамп.
Президент сондай-ақ АҚШ штаттарына көмекке мыңдаған  әскери қызметкерлер жіберілетінін айтты. Трамптың айтуынша, әскер қатарына әскери дәрігерлер мен медбикелер де кіреді.
Bloomberg атап өткендей, АҚШ басшысының айтуынша, келесі апта «ең ауыр» болуы мүмкін, өйткені АҚШ -та адам өлімі көп тіркеледі деп болжануда.

Бұдан бұрын, 4 сәуірде, АҚШ Қорғаныс министрлігі марқұмдарды жерлеуде көмек көрсету үшін әскери жерлеу топтарын Нью-Йоркке көшіріп жатқандығы белгілі болды. Виргиниядан уақытша ауыстырылған команда құрамында 42 адам болды. Әскери мамандар басқа мемлекеттерге де кетті.
Нью-Йорктегі Джонс Хопкинс университетінің мәліметі бойынша, пандемия басталғалы бері 2624 адам қайтыс болды. Жалпы республикада 8499 өлім тіркелді, 312 мыңнан астам адам ауруды жұқтырды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео: малютка и бабуля обсуждают жизнь — умора
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Позвали Таню, и жены начали уводить мужей. Не стесняется стыдобы
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Пікірлер