Коронавирус: тағы бір адам қайтыс болды

4027
Adyrna.kz Telegram

Елімізде қауіпті індеттен тағы бір адам қайтыс болды. Бұл туралы coronavirus2020.kz хабарлады.

Шымкент қаласында коронавирус індетінен бір науқас көз жұмды. Науқас 1964 жылы дүниеге келген, - делінген хабарламада.

Еске сала кетейік, қауіпті індет жұқтырғандар Нұр-Сұлтан қаласы бойынша 219 адам, Алматы қаласында – 110 адам, Қарағанды облысында - 27 адам, Ақмола облысында - 20 адам, Атырау облысы - 22 адам, Жамбыл облысында - 28 адам, Шымкент қаласында - 13 адам, Шығыс Қазақстан облысында - 5 адам, Алматы облысында - 10 адам, Ақтөбе облысында - 10 адам, Солтүстік Қазақстан облысында - 25 адам, Павлодар облысында - 1 адам, Маңғыстау облысында - 3 адам, Қызылорда облысында - 30 адам, Батыс Қазақстан облысында - 2 адам, Түркістан облысында - 25 адам, Қостанай облысында - 1 адам, жалпы 551 науқас тіркелді.

Пікірлер