Еліміздегі сауда орындарының жұмыс тәртібі белгіленді

3393
Adyrna.kz Telegram

Коронавирустық пандемияға байланысты Сауда және интеграция министрлігі азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында ұсыныстар жасады. Бұл туралы  zakon.kz  хабарлайды.

ҚР Президентінің COVID-19 коронавирус пандемиясына байланысты төтенше жағдай енгізу туралы жарлығын орындау және азаматтардың өмірі мен денсаулығын сақтау мақсатында Сауда және интеграция министрлігі мыналарды ұсынады:

1. Ірі сауда объектілерінің жұмысын сағат 10.00-ден бастап 18.00-ге дейін шектей отырып, санитарлық қауіпсіздік шаралары күшейтілсін;

сауда орындарының аумағында кинотеатрлар, балалар орталықтары, кез-келген басқа ойын-сауық орындары жабық болуы керек;

азық-түлік дүкендері, азық-түлік супермаркеттері және азық-түлік базарлары санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, әдеттегідей жұмысын жалғастыруы керек;

нан-тоқаш және кондитерлік өнімдерді тек қаптамалы түрде сату керек.

2. Санитарлық және дезинфекция шараларын күшейте отырып, азық-түлік емес базарлардың жұмысы таңертеңгі сағат 11.00-ден кешкі 17.00-ге дейін шектеу қойылсын.

Біз санитарлық қауіпсіздік шараларын күшейту жөніндегі ұсыныстар туралы тағы қосымша хабарлайтын боламыз.

Пікірлер