Сот: Болат Бақауовтың денсаулығы нашарлады

5024
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2020/02/bolat.jpg
Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметіндегілер экс-әкімнің денсаулығы нашарлауына байланысты үй қамағына ауыстырылғанын хабарлады.
"Павлодар облысының бұрынғы әкімі Болат Бақауовтың денсаулығы нашарлады, сондықтан алдын-алу шараларын жұмсарту туралы шешім қабылданды" деді "Адырна" порталына облыстық соттың баспасөз қызметі. «ҚР ҚІЖК-нің 153-бабының талабына сәйкес, бұлтартпау шарасы жағдайдың өзгеруіне байланысты үй қамауына ауыстырылды, дәлірек айтсақ, оның денсаулығы нашарлады » делінген облыстық соттың ақпаратында. СотБақауовқа сотқа дейінгі тергеу аясында шақыру жағдайларын қоспағанда, үйінен шығуға, телефон арқылы сөйлесуге, хат алмасуға және байланыс құралдарын пайдалануға тыйым салды. Сондай-ақ оған үйде қамауда отырғанда жақын туыстары мен күдіктінің қорғаушыларын қоспағанда, достарымен сөйлесуге, қонақтарды қабылдауға тыйым салынады.

"Адырна" ұлттық порталы

Комментарии