Швейцарияда Абай мен Әл-Фараби бейнеленген пошта маркалары шығарылды

4095
Adyrna.kz Telegram

«Швейцарияда Абай мен әл-Фараби бейнеленген маркалар шығарылды»,- деп хабарлайды ҚР Сыртқы істер министрлігінің баспасөз қызметі.

"Швейцариядағы Қазақстан елшілігі қазақтың ұлы ақыны, ойшыл Абайдың 175 жылдығына және түркі философы Әбу Наср әл-Фарабидің 1150 жылдығына арналған мерейтойлық пошта маркаларын шығаруға бастама жасады",-делінген сәрсенбі күні таратылған хабарламада.

Ведомствода атап өткендей, елшілік шығарылған маркаларды өзінің күнделікті іскерлік хат-хабарларында пайдаланады.

"Қазір Швейцарияның барлық аумағында мерейтойлық маркаларды тарату бойынша келіссөздер жүргізілуде", - деп хабарлады сыртқы саяси ведомство.

Сыртқы істер министрлігінің өкілдері  Швейцария мемлекетінің  пошта маркалары елдің басты брендтерінің бірі екенін еске салды.

"SwissPost маркалары әсіресе коллекционерлер мен туристер арасында танымал.  Бұл компанияның пошта қызметтері бойынша айналымы жылына 2 млрд.хатқа жетеді. Швейцарияда қазіргі заманғы цифрлық технологиялар мен электрондық сервистердің жоғары дамуына қарамастан, пошта ең танымал коммуникациялық ресурстардың бірі болып қала береді. Бұл ел азаматтары мен резиденттеріне ғана емес, сондай - ақ компанияларға, халықаралық ұйымдарға, федералдық, кы және муниципалдық билік органдарына да қатысты хаттарды көп жолдайды", - делінген хабарламада.

Пікірлер