Қытайда тәжвирусына құс тұмауы қосылды

3703
Adyrna.kz Telegram

Қытайда  Хунань провинциясында  құс тұмауының өршуі байқалды. Жергілікті биліктің мәліметінше,  фермалардың бірінде 4 мыңнан астам бройлер тауықтары ауруға шалдыққан және өлген. Инфекцияның таралуын болдырмау үшін 18 мыңға жуық құс жойылған.

Құс тұмауы адамдар мен жануарларға үнемі қауіп төндіреді.

РИА Новости хабарлағандай, бұған дейін Ресей тарапы да Роспотребнадзор арқылы H5N8 вирусының қауіптілігі туралы ескерту жариялаған. «Вирусты  Ресейге Еуропа елдерінен қоныс аударатын құстар әкелуі мүмкін. Ресейдің оңтүстік-батыс аймақтарына үлкен қауіп төнді»,-деген болатын Ропотребнадзор.

Қазір індет Венгрия, Польша және Словакияда тіркелді. Желтоқсанның аяғында Люблинге жақын фермада құс тұмауының өршуіне байланысты Польшада 12 мыңнан астам түйетауық қырылды.

Адамдар H5N8 вирусын  жұқтырған жоқ, бірақ мамандар құс тұмауының  қоздырғышы өте тез таралатынын ескертіп отыр.

Пікірлер