Коронавирус: Тағы 6 адам ауруханаға жеткізілді

1773

Қытайдан келген алты адам ауруханаға жатқызылды, ал екі адам ауруханадан босатылды. Бұл туралы Қазақстанның бас санитарлық дәрігері Жандарбек Бекшин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz .

«Таңертең төрт науқас ауруханаға жеткізілді. Олардың екеуі амбулаториялық-емханалық көмек көрсетілгеннен кейін босатылды. Алматыда бір адамды госпитализациялау туралы ақпарат алдық, бес адамнан тұратын отбасы Ақмола облысында ауруханаға жатқызылды. Олар Қытайға барған. Барлығында жедел респираторлық вирустың белгілері бар. Екі баланың дене қызуы көтерілген. Ересек отбасы мүшелерінде ешқандай белгілер жоқ, бірақ олар балалармен байланыста болғандықтан, оларды да ауруханаға жатқыздық», - деді Бекшин.

Оның айтуынша, медицина қызметкерлері Қазақстанға Қытайдан 6 қаңтардан кейін келген азаматтарды анықтауды жалғастыруда. «Бүгін біз Қытайдан қаңтардың алтысынан кейін келген барлық шетелдік азаматтарды анықтадық. Біз барлық медициналық қызметкерлермен байланыста боламыз және 6 қаңтардан кейін Қытайдан келген барлық азаматтардан, әсіресе соңғы 14 күнде, келгендерден емханаға баруларын сұраймыз. 14 күн бойы үздіксіз медициналық бақылауға тіркеліңіздер, әсіресе дене қызуы бар адамдар », - деді Бекшин.

 

Пікірлер