Атақты баскетболшы Коби Брайант қайтыс болды

3506
Adyrna.kz Telegram

Аты аңызға айналған баскетболшы Коби Брайант тікұшақ апатынан қайтыс болды. Бұл туралы TMZ хабарлады.

Апат жексенбі күні таңертең болған. Дерек бойынша, Брайант өзінің жеке тікұшағымен баскетбол жаттығуына ұшып бара жатқан. "Лейкерс" командасының аңызға айналған ойыншысымен бірге тағы сегіз адам болған. Апаттан кейін ешкім аман қалмаған. Қаза болғандардың арасында Брайанттың 13 жастағы қызы Джианна Брайант бар.

Коби "Лос-Анджелес Лейкерстің" құрамында өнер көрсеткеннен бері жеке тікұшақпен саяхаттап келеді.

WhatsApp Image 2020-01-27 at 06.59.41.jpeg

Брайанттың артында төрт баласы қалды - Джинна, Наталья, Бианка және 2019 жылдың маусымында дүниеге келген Каприз.

Коби Брайант мансабын 2016 жылы аяқтаған.  Ол Ұлттық баскетбол лигасының (NBA) жұлдыздарының ойынына 18 рет қатысқан. Оның ішінде қатарынан 17 ойын.

Бес рет NBA чемпионы атанды және екі рет үздік ойыншы атанған (MVP).  Өз мансабында 1996 жылдан 2016 жылға дейін жалғасқан спорттық карьерасында "Лос-Анджелес Лейкерс" сапында ойнады. АҚШ құрамасы сапында 2008 және 2012 жылғы Олимпиада ойындарында жеңіске жеткен.

Суреттер: интернет желісінен алынды

Пікірлер