2020 жылғы Олимпиадаға іріктеудің бірінші кезеңі өтпейді

628

2020 жылғы Олимпиадаға жолдама ойнатылатын Уханьдағы турнир өтпейтін болды. Бұл туралы ұйымдастырушылардың баспасөз қызметі хабарлады.

Ақпанға жоспарланған лицензиялық турнирдің өтпеу себебі аталған қаладағы пневмонияның өршуі. Жергілікті ұйымдастыру комитеті спортшылардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін осындай шешім шығарды.

Лицензиялық турнир өтетін жаңа орын мен уақытын кейін Халықаралық олимпиада комитеті хабарлайды.

2020 жылғы Токио Олимпиадасына іріктеудің бірінші кезеңі Уханьда ақпанның 3 мен 15 аралығы өтеді деп жоспарланған еді. Бұл жарысқа бокстан Қазақстан құрамасы да қатысу керек болатын.

Пікірлер