Тоқаев: Семей қаласы - тарихи орталық болады

7479
Adyrna.kz Telegram

"Семей өңірі – қазақ тарихындағы киелі өлкенің бірі. Сондықтан елдің рухани дамуында ерекше орны бар Семей қа­ласын тарихи орталық ретінде белгі­леген жөн. Ұлы Абай мен Шәкәрім­нің, Мұхтар Әуезовтің кіндік қаны там­ған өңір айрықша құрметке лайық. Осы­ған орай шаһарды әлеуметтік-эко­но­ми­калық тұрғыдан кешенді түрде дамы­тып, ондағы тарихи-мәдени нысандар­ды жаңа талапқа сай жаңғыртамыз. Үкі­метке бұл мәселеге байланысты тиісті шаралар қабылдауды тапсырамын.

Мерейтой жылы аясында Абайдың қастерлі мекені – әйгілі Жидебайды абат­тандырып, ұлы ақынның рухына тағ­зым етуге келетін жұртшылыққа қолай­лы жағдай жасау қажет.

Сонымен қатар Абайдың «Жиде­бай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мә­дени және әдеби-мемориалдық қорық-музейіне ерекше көңіл бөліп, ғылыми-танымдық жұмыстармен айналысатын орталыққа айналдыру керек.

Жидебайда музейге арнайы лайық­талған «Абай мұрасы» атты жаңа ғи­марат салу қажет.

1918 жылы Семей қаласында Мұхтар Әуезов пен Жүсіпбек Аймауытов негі­зін қалаған, 1992 жылдан бері қайта шыға бастаған «Абай» журналына мемлекет тарапынан қолдау көрсету керек.

Осы және басқа да ауқымды шаралар ұлы Абайдың рухына тағзым етіп, оның мол мұрасын дәріптеу үшін өткі­зілмек. Ендеше, бүкіл Қазақстан хал­қын осы игі бастамаға белсене атса­лысуға шақырамын".

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың "Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан" мақаласынан.

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер