Академик Айтбайұлы өмірден өтті

2403

Бүгінгі күн қаралы хабармен басталды.  Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академигі. Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті Өмірзақ Айтбайұлы өмірден озды. 

Өмірзақ Айтбайұлының өмірбаяны

Өмірзақ Айтбайұлы 1936 жылы 5 сәуірде Түркістан облысы, Отырар ауданындағы Балтакөл ауылында дүниеге келген.

1959 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің (бұрынғы Киров атындағы ҚМИ) филология факультетін бітірді.

Ал 1971 жылы "М.Горький фразеологизмдерінің қазақ тілінде берілу жолдары" тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.

  • 1959 – 1962 жылдары Республикалық "Социалистік Қазақстан" газетінің əдеби қызметкері;
  • 1962 -1974 жылдары Қазақ ССР ҒА Тіл Білімі институтына кіші ғылыми қызметкері;
  • 1974 – 1981 жылдары аға ғылыми қызметкер;
  • 1981 – 1989 жылдары "Терминология мен аударма теориясы" бөлімінің меңгерушісі;
  • 1973 жылдан "Ғылыми терминологиялық орталықтың" директоры;
  • 1989 жылдан Республикалық "Қазақ тілі" қоғамының вице-президенті;
  • 2004 жылдан Халықаралық Қазақ тілі қоғамының президенті.

Академик Өмірзақ Айтбайұлы "Құрмет" пен "Парасат" ордендерімен марапатталған.

2013 жылы Еуропа ғылыми-өнеркəсіптік палатасының шешімімен лингвистикаға қосқан үлесі үшін оған арнайы диплом мен алтын медаль табысталған.

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket