Ұшақ апатынан қаза тапқандардың жаңа тізімі жарияланды

3708
Adyrna.kz Telegram
Алматы маңындағы әуе апатынан қаза болған 12 адамның тізімі жарияланды, деп хабарлайды  индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметі.

Ұшақ апатынан ажал құшқандар арасында әуе кемесінің командирі, 1962 жылы туған Марат Мұратбаев та бар.

Қаза тапқан 12 адамның тізімі:

1. Николай Астанов, 1971 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

2. Рустам Қайдаров, 1940 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

3. Бауыржан Қалиев, 1974 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

4. Базархан Кәрібаев, 1951 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

5. Марат Мұратбаев, 1962 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

6. Абай Нұрбеков, 1986 жылғы, оқиға орнында көз жұмған;

7. Аршат Исина,оқиға орнында көз жұмған;

8. Сәния Аманжол, оқиға орнында көз жұмған;

9. Дана Круглова,1984 жылғы, Алматы әуежайында қаза болды;

10. Қайырхан Туматов, 1955 жылғы, Алматы әуежайында қаза болды;

11. Валерий Ануфриев, ауруханада көз жұмды;

12. Имина Оспанова, 1963 жылғы, ауруханада көз жұмды.

Қайғылы оқиға бүгін таңғы жетіде Алматы қаласының шетінде болды. Алматы әуежайынан Нұр-Сұлтанға ұшып шыққан Fokker 100 ұшағы көп ұзамай Талғар ауданындағы елді мекенге құлады.

Ұшақ бортында 93 жолаушы, соның ішінде төрт шетелдік азамат және 5 экипаж мүшесі болған.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мерт болғандардың жақындарына көңіл айтты. Сонымен қатар, кінәлі тұлғалар қатаң жазаланатынын жеткізді.

 

Пікірлер