Хаким Мукарам: "Баянауылдың қазағымын"...

1009

Танымал болудың төте жолы вайнер атану. Әлеуметтік желіде күні мен түнін өткізетіндер саны көбейген соң вайнерларға да сұраныс артуда. Әсіресе Инстаграм желісінде вайнерлердің дәуірі жүріп тұр. Боқауыз сөздер, анайы әңгімелер вайнерлер үшін қалыпты нәрсе. Қоғам да оған бейімделіп алған. Вайн түсіру еріккеннің ермегі емес. Қып қызыл ақша. Әрине, әуелде ешкім саған келіп ақшасын үй де төк бере салмайды. Жарнама берушілер бірінші кезекте вайнерлердің жазылушылар санына, вайндарының сапасына  қарайды. Елімізде вайн арқылы табысқа кенеліп отырған оншақты вайнер бар. Солардың бірі –Хаким Мукарам. Өтімді әзілдерімен Инстаграм желісінде өз аудиториясын қалыптастыра алған Хаким Мукараммен кездесіп аз-кем сұхбаттасқан едік. 

 

  • Хаким, вайнер болу идеясы қалай туды? Алғашқы вайның есіңде ма?

 

    • Әрине есімде. Алғаш рет достарыммен«Ептвоюмать» деп аталатын вайн түсіргенбіз. Ютубта қаралым саны күн санап емес сағат санап өсе бастады. Сол сәтте өзіме деген сұраныс бар екенін сездім. 

 

  • Вайнер дегеніміз хобби ма әлде табыс көзі ма?

 

    • Екеуі де. Вайнердің бәрі қырып ақша табады дей алмаймын. Дегенмен, күнін көріп отырғандар да бар. Жарты жолда шыдамай, төзімі таусылып қолын сілтей салғандар қаншама. Жалпы көрермендерге вайнер болу оңай болып көрінуі мүмкін. Шын мәнінде ол олай емес. Көп еңбекті төзімділікті талап етеді.  Вайнер болу оңай болса екінің бірі сол салада жүрер еді. 

 

  • Вайндарыңда боқауыз сөзді жиі пайдаланасың? Неге?

 

    • Бүкіләлемде болмаса да Қазақстанда боқауыз сөзді пайдаланатын жалғыз мен емес қой. Бәрі боқтайды. Боқауыз сөзді мен ойлап тапқан жоқпын. Мен тек қолданамын. Мен біреуді боқтап ар намысына нұқсан келтірген емеспін. Тек эмоциямды білдіремін, жеткіземін. 

 

  • Өзің туралы әлеуметтік желіде алып қашпа әңгімелер көп. Ұлтыңа байланысты сан түрлі нұсқалар айтылады. Өз аузыңнан естісек...

 

    • Бұл сұраққа етім үйреніп қалды. Хаким ұйғыр екен, өзбек екен деген сөзді өзім де жиі естимін. Алайда мен Баянауылда туып өскен қазақтың қара домалақ баласымын. Ұйғырға да өзбекке де еш қатысым жоқ. Есімім Хаким болған соң өзге ұлтпен шатастыратын болар. Хакім араптың сөзі болғанымен қазақтың арасында да кеңінен таралған. Абайды айтқанда Хакім сөзі қатар жүреді.. 

 

  • Вайнер болу танымал болудың ең оңай жолы дегенге келісесің ба?

 

    • Бұл мүлдем қате пікір. Кез келген адам вайнер бола алмайды. Сценари жазғанға қабілетің болмаса, актерлігің ақсап жатса, техника тілін түсінбесең, үлкен мақсатың болмаса, жалпы алғанда жан жақты болмасаң вайнер болам деу бос әурешілік. Әйтпесе әзіл айтып жүрген балалардың бәрі вайнер атанып кетер еді. 2014 жылдары вайнер атану жеңіл еді. Себебі Қазақстанда вайнерлікке бет бұрғандардың саны аз еді. Екі видео түсіріп  вайнер атанып кеткендер қаншама. Әл қазір бәсекелестік бар. Сенің ұсынған өнімің өзгелердікінен екеркше болуы шар. Халықтың да талғамы өскен. 

 

  • Сөз соңында өтбасың туралы да айта кетсең.

 

  • Әкем ертеде дүниеден озған. Өткен жылы атамды ақтық сапарға шығарып салдым. Жанұямнан қазір анам мен әжем бар. Жалпы тәтелерім ағаларым, нағашыларым баршылық. Жалпы өзім туыстарым жайлы көп айтып, дүйім жұртқа көрсете беруді ұнатпаймын. Біреудің сөзі тиеді, біреудің көзі тиеді дегендей...
  • Сұхбатыңа рахмет.

"Адырна"  ұлттық порталы

 

Пікірлер