Алаш арыстарының жәдидшілдік реформасы IX

4075
Adyrna.kz Telegram

ХАДИСТЕРДІҢ САНДАЙ КӨПТІГІ

Ахмед Әмин хадис ойлап шығарушылардың кестесін  ақылдыша былай айқындайды: “Қызықтысы, егер хадистерді анықтаушы ретінде қолға алатын болсақ, пирамида пішіндес екендігіні көреміз. Пирамиданың төбесін пайғамбарымыздың дәуірі деп есептесек, төменге түскен сайын(пайғамбарымыздың дәуірінен алыстаған сайын) пирамиданың еңі кеңейуде. Пирамиданың іргетасына жеткенімізде пайғамбарымыздың дәуірінен қаншалықты кеңейіп кеткенін  көреміз. Негізінде қисындысы керісі болуы керек еді. Себебі пайғамбарымызбен өмір кешкен адамдар хадистерді (пайғамбардың сөйлеген сөздерін) ең көп білетін адамдар еді. Сонсоң олардың бұл дүниеден қоштасулары менен хадистерді білетіндердің саны азайып солайша жоғарыдағы пирамида терісінен қалыптасуы қажет еді. Алайда Омайя дәуіріндегі хадистер, Исламның алғашқы дәуіріндегі хадистерден  анағұрлым көп екендігіні білеміз.” (Ахмед Әмин Духа уль-Ислам) Кейбір хадис ғұламаларының баяндаулары бойынша 2 миллион хадис бар. Ең сенімді ретінде қабылданатын Бухари кітабындағы хадистерді 600 мың хадис арасынан таңдалғаныны ,ал Муслим кітабындағы болса 300 мың хадис арасынан таңдалып алынғаны білдіріледі. Абу Даудтың Сунанындағы хадистер 500 мың хадистен, мазхап құрушысы Малик Муаттасын 100 мың хадистен, Ибн Ханбал болса Муснадын 750 мың хадистен таңдап  алғаны айтылады. Мухаммед пайғамбарлығын шамамен 23 жыл атқарғанын ойласақ: 23×365=8395 күн пайғамбарлық міндетін атқарған және шамамен 2 миллион хадисті Мухаммед пайғамбарлығын атқарған 23 жылдың әр күніне 200 ден астам хадис айтқан болады. Эксперимент ретінде бір адамға бір жыл бұрын ең көп бірге уақыт өткізген адамының; әкесінің, баласының, ерінің, зайыбының, досының яки жолдасының хадистерін (сөздерін) және жасаған іс-әрекеттерін жазуын сұрасақ,сосын арадан бір жыл өтсе де жазылған хадистің(сөздің) санын көргенімізде, пайғамбарымыздың  қайтыс болуынан екі жүз жылдан кейін басталған, күні басына екі жүз риуаят жасалған сөздердің жалпы санынан да бұлардың ішінде жалған қоспалардың қаншалықты көп екендігін түсінуге болады. Бүкіл осы хадис кітаптарын жазған адамдардың барлық хадистерді жатқа білгендері және өздерінің жеке көзқарастары бойынша ең дұрыс деп білген хадистерді таңдап алғандары айтылады. Мухаддистердің қанша хадис (жатқа) білгендерін айта алулары үшін, бүткіл хадистерді бір жерге жазып, сосын оларды санаулары тиісті еді, әйтпесе ешкім 600 мың хадисты жатқа білгендігін туралы айта алмайды. Егер де қазақша сөйлесетін бір қауымға, күнделікті әңгімелерінде қанша сөз қолданатындарын сұрасақ ешкімнің толықтай жауап бере алмайтындығына куә боламыз. Ал әңгіме 600 мың  деген сандық белгіге шыққанда жатқа алынған нәрсені санау да мүмкін емес.

Бухаридың 600.000 мың хадисті білгендігіні тексеріп қарайық. Бухари өмір бойы ешқандай жұмыс жасамағандығын, дым ұйықтамағандығын және әрбір хадистың сахихтығына, риуаят шынжырының мықтылығына көзі жетуі үшін әрбір хадисті зерттеуге 2 сағат бергендігін жорамалдасақ, тек осы мерзім 130 жылдан көп уақыт алады. Алайда Бухаридың кейде бір хадистың, бір силсиләнің, хадис жеткізушінің сенімділігіне көзі жетуі үшін айлап, жылдап саяхат жасағандығын есімізге түсірсек, Бухаридың білген барлық хадистерінің сахихтігін зерттеуі  үшін мыңдаған жылдар да жетпейтін еді. Қысқаша келіп айтқанда, Бухари һәм басқа да мухаддистердің, білген бүткіл хадистердің сенімділігін зерттеп тек ең сенімділерді таңдап алғандары жайындағы бекімдері ақылға симайды.

Сонымен менім түсінігімде бүгінгі мұсылмандық дәстүр не нәрсе? Ол:

-         Мұхаммед пайғамбар айтыпты делінетін «хадистердің» толып жатқан жинақтары. Бұл – әдеби дәстүр.

-         Өздерінің шығу тегін пайғамбардың кезінен тарататын «мазхабтар» атты хұқықтық мектептер.Бұл- ғұрыптық-хұқықтық дәстүр.

-         Өздерін құпия, эзотерикалық білім иесі санайтын сопылардың ордені. Сопылардың айтуынша, бұл білімді Мұхаммед өз серіктерінің ішінде таңдаулыларына беріп, содан жалғасып келе жатыр-мыс. Бұл – мистикалық дәстүр.

-         «Шииттік» дәстүрдегі билік пайғамбардың қызы Фатима мен күйеу баласы Әлидің ұрпақтарында болуы тиіс деп санайтын «имамат доктринасы». Саяси дәстүр.

-         18 ғасырда Мұхаммед ибн Әбді Әл-Ваххаб негізін салған мазхабтардан тыс саяси-реакциялық «салафия» мектебі.

-         Дәстүрлі мұсылмандықтың шеңберінде соңғы уақыттарда пайда болған «джамаа таблиг», «ихван уль-муслимин», «хизб ут-тахрир»т.б осылар сияқты жаңа кертартпа топтар.

Реакционды ортағасырлық араб-парсы дүниетанымына шақыратын дәстүр мен оны қорғап-сақтаушы дін иелері мұсылмандардың жеке дамуына да, Исламның бір Құдай жүйесі ретінде әлемдік деңгейде қайта өркендеуіне де басты кедергі болып отыр. Алайда,сол саясиланған діни дәстүрге адам ақылы мен жанын билетіп отырған не? Ол – жеке адамның өзі. Оның немқұрайдылығы, надандығы. Өзінің осы күйге түсіп, адасумен жүргеніне кінәлі әрі жауапты – сол мұсылманның өзі. Құран өзгені тура жолдан тайдырған адамды да, өзін тура жолдан тайдыруға мүмкіндік берген адамды да жауапқа тартады. Жеке адамды тек оның өзі ғана құтқара алады.

1:6 ,1:7 ,13:11 

МЫНАЛАР ҚҰРАНДА-ДІНДЕ  ЖОҚ

«Құран бір өзі жектілікті емес» деген бос дау.  

    Хадистердің (сөздердің) діннің бастауы болатыны.  

    Мазхап имамдарының пәтуасымен халал мен харамның анықталуы. 

    Дінді мазхапқа сәйкестендіру үшін бұрмалау. 

    Мазхаптарды дінмен теңестіру. 

    Құранды түсінбестен оқу.  

    Құранды өліктердің кітабына айналдыру.  

   Пайғамбарды хадистер арқылы Құранға қайшы үкімдер келтірді деп көрсету.  

 Барлық жаратылыстың Пайғамбарымыздың құрметіне бола жаратылғандығы.  

    Пайғамбарларды жарыстыру, оларды жіктерге бөлу және дәрежелендіру.  

    Пайғамбарымыздың елшіліктен бұрынғы өмірінің өзіне еліктеушілік.  

   «Құранда кемшілік бар, басқа кітаптар оны толықтырады» деп сену.  

  Кей адамдарды әулие етіп, оларды жәннаттік деп жариялау және қабірлерінде Құранға қайшы табыну амалдарын жасау.  

    Тариқат пірлерін тәңірлестіру.  

   Тариқаттардағы «рабыта» және естен тандыратын «зікір»  сияқты амалдар.  

    Тек белгілі бір мазхап яки тариқат адамдарының ғана жәннатқа кіретінін айту.  

    Яһудилер мен христиандардың барлығын тұтастай тозақтық деп жариялау.  

     Дінге арабтардың яки басқа бір қауымның әдет-салттарын кіргізу.  

    Жеке пікіріне бағындыру үшін дінді бұрмалау. 

Құраннан тыс қайнар ретінде «Пайғамбардың сүндеті» деп екінші үкім көзін ашу.  

Көпшіліктің әрқашанда хақ жағында болатынына сену.  

Мазхаптардың тарихи дамуын олардың хақтығына дәлел деп көрсету.  

Еңбек етпестен Алладан тілеу. 

Ақылды менсінбеу, еліктеушілікті дұрыс деп санау. 

Ғылымды жек көру.

Өнерді жек көру.

Хадистерді көр-соқыр қабылдау. 

Діндегі киелі адамдар пантеоны. 

Сахабалардың ішінен кез келгеніне ілесудің ізгілікке жетелейтіні.

Әйелдің еркектен дәрежесі төмен дейтін сенім. 

Әйел адамның басшы, әмірші бола алмайтыны.  

Әйел даусының харам екендігі. 

Әйелдің жұма намазына бармайтыны. 

Әйелдің ит, шошқа сияқты намазды бұзатыны.  

Әйелдердің көпшілігінің тозақтық екені. 

Әйелдердің шәрлі (кесірлі) болатыны. 

Әйелдердің ақылының кем екені. 

Әйелдерді үйге қамап қою. 

Әйелінің барлық мәселелерде күйеуіне бағынуының парыз екені. 

Екі әйел куәгердің бір еркек куәгерге тең екені.  

Зинақорды таспен атып өлтіру. 

Таспен атып өлтіру туралы аятты ешкінің жегені. 

Еркектерге алтынның харам болуы. 

Еркектерге жібектің харам болуы. 

Алтын, күміс ыдыста тамақ жеудің харам екендігі. 

Мүсінге тыйым салу.

Суретке тыйым салу.

Шахматқа тыйым салу.

Музыкаға тыйым салу.

Мидия, кальмар сияқты теңіз тағамдарына тыйым салу.

Әйелдерді сүндетке отырғызу.

Сақал өсірудің сауап екені.

Сақал кесудің харам екені.

Қына жағудың сауап екені.

Екібеттеп жатудың шайтанның ісі екені.

Жер төсекке жатудың сауап екені.

Оң аяқпен үйге-төсекке кіру, шығу.

Сол аяқпен арам жерлерге кіру.

Сол қолмен жеуге тыйым салу.

Сәлде орау.

Мисуак қолданудың сауап екені.

Шапан киюдің сауап екені.

Ақ, жасыл, қара түсті киімдердің сауап екені.

Сары мен қызыл түсті киім кимеу.

Құрма жеудің сауап екені.

Жерге отырып жеудің сауап екені.

Бір ыдыстан тамақ ішудің сауап екені.

Қолмен, үш саусақпен жеудің сауап екені.

Суды үш ұрттап ішудің сауап екені.

Суды отырып ішудің сауап екені.

Тамақ біткенде саусақтарды жалап тазалаудың сауап екені.

Алкагольды әтір жағуға тыйым салу.

Қара иттерді өлтіру.

Түнде айнаның бетін жабу.

Сиқыр жасау.

Құранмен сиқыр жасау.

Тұмар жасау, тағу.

Құранды балгершілікке, көріпкелдікке пайдалану.

Ысқырудың шайтанның ісі екені.

Көз тиюден қорғайтын моншақтар.

Балгерлер мен көріпкелдерді діндар санау.

Сатының астынан өтпеу, қара мысықты қырсық санау.

Қабір азабы.

Сырат көпірінің қылдан да жіңішке екені, құрбандық малдың сыраттан өткізетіні.

Өлген адамның орнына ораза ұстау.

Өліктің яки басқа біреудің орнына қажыға бару.

Өліктің артынан жылағанда оған азап болатыны.

Қияметтің қашан болатыны туралы мәліметтер.

      Мәһди.

Дажжал (Тажал).

Исаның қайта келетіні.

Нәсілшілдік, араб нәсілінің үстемдігі туралы мәліметтер.

Оразаны қасақана бұзған адамның екі ай бойы үзіліссіз ораза ұстауы.

Қажылықта шайтанға тас ату.

Зекетті белгілі бір мөлшерге салу. 

Малдың түлігіне қарай зекет мөлшерін ауыстыру.

Құранды ұстау үшін дәрет алудың шарт екені.

Бой дәретсіз әр қадамның күнә екені.

Зілзәлә мен селде өлгендердің шәһит болып саналатыны.

Жершарының өгіз бен балықтың үстінде тұрғаны.

Зілзаланың балықтың қозғалысынан болатыны.

Бұқа, арыстан және бүркіт бейнелі періштелер.

Жәбраилдің 600 қанаты туралы мәліметтер.

Алланың жәннатта балтырын көрсетуі.

Алланың белгілі күндерде жер бетіне түсіп, таңдаулы құлдарына ғана көрінуі туралы мәліметтер. 

Пайғамбардың қатты қолқа салуы нәтижесінде Алланың 50 уақыт намазды 5            уақытқа азайтқаны.

Халифалық мемлекеті.

     Монархия, халықтың құлға айналдырылуы.

Діни тап – рұһбандық.

Араб тілін жәннат тілі деп жариялау.

Араб әріптерін киелі етіп көрсету.

«Дар уль-харб» ұғымы арқылы террор жасау.

Намаз оқымайтындарды өлтіру яки сабау, жазалау.

Оразаны зорлап ұстатқызу, ораза ұстамайтындарды жазалау.

Исламнан шыққандарды өлтіру.

Мәзһәбін ауыстырғандарды сабау, жазалау.

Тек олжа үшін жорыққа аттану.

Ішімдік ішкендерді сабау.

Дінді қиындату, жирікенішті ету.

       Басты орамалмен тұмшалап жабу.

    Ниқап кию.

        Әйел адамның өзі жалғыз сапарға шығуына болмайтындығы.

    Әйел адамның  ерінің денесіндегі іріңге толы жарасын жаласа да ерінің қақысын өтей алмайтындығы.

    Алладан басқа сәжде жасауға ұлықсат берілген болса, әйелдің еріне сәжде жасауы.

    Әйел адамның етеккірі келгенде намаз оқуға, ораза ұстауға, Құран оқуға  және мешітке кіруге болмайтындығы.

    Әйелдерге арнайы униформа.

    Әйелдердің еркектермен қол ұстасып амандасуға болмайтындығы.

    Әйелдің жабық бір жерде бір еркекпен оңаша қалуға болмайтындығы.

    Әйелдердің макияж қолдануларына болмайтындығы.

    Ері төсекке шақырғанда әйелдің, бүткіл ісіні тастап төсекке жүгіру керектігі.

         Тіпті маймылдар түгіл зина жасаған маймылды рәжм жасап өлтіргені.

     Жылқы, есек және жыртқыш хайуандардың етін харам қылу.

     Темекінің мәкрүх яки харам болғаны.

     Харамнан басқа мәкрүх категориясы.

     Жыныстық қатынастың көрпенің астында жасалуы. 

         Шомылып жатқанда  жыныстық мүшеге қарамау, періштелерден ұялу, әуретті орамалмен жауып жуыну.

     Әжетханадағы тазалықтың сумен жасалуын парызға айналдыру.

     Кіші дәретті отырып сындыру.

     Арап көйлегін кию.

     Кең шалбар кию.

     Кірді белгілі күнде жуу, жыныстық қатынасқа белгілі күндерде кіру.

     Үстіне сідік шашыраған адамның қабыр азабыны тартатындығы.

     Дәббәнің құлағы пілдікі, көзі шошқаныкі, басы өгіздікі болғаны.

      Ұлтшылдық, арап нәсілін басқа халықтардан жоғары ұстау.

     Яжүж және Мәжүждің жер астында өмір сүретін бойы бір қарыс мақлұқтар екендігі.

     Құранда айтылмаған намаз уақыттарын парызға айналдыру.

     Құранда айтылмаған рекағат санын парызға айналдыру.

     Намазды арап тілінде оқылуы керектігі.

     Әйел адамға намазда имам болуына тыйым салынуы.

     Рукуғ және сәжделерде бір дұғаның қайталануы.

     Намаздың әр рекағатында Фатиха сүресінің оқылуын парызға айналдыру.

     Намаздағы соңғы отыруды парызға айналдыру.

     Намаздың парызы, сүндеті, уәжібі деп бөлімшелерге айыру.

     Намазда қолдарды қалай байлау керектігін, аяқтың арасы қанша сантиметр ашық болу керектігін айту.

     Тарауық, айт намаздары.

     Қажылықты бірнеше күнге созып, адамдарға қиыншылықтар туғызу.

     Құрбан айтта құрбан-мал шалу.

     Кейбір харамдардың қажылықтан кейін басталатыны.

     Зәмзәм суында, оқылған секер, тұз сияқты нәрселерден шипа, сауап күту.

     Дәретті кіші және үлкен дәреттен басқа нәрселердің де бұзатыны.

     Ғұсыл дәретті жыныстық қатынастан басқа нәрселердің де бұзатыны.

     Дәреттің ретін парызға айналдыру.

     Ғұсыл дәретте ауыз бен мұрынды шаюды парызға айналдыру.

        Ғұсыл дәретінде бірінші оң иыққа сонсоң сол иыққа үш рет су құю.

     Тісіне пломба салғандардың дәреті мен ғұсыл дәреттерінің есептелмеуі. 

     Денесінде әшекей суреті болған адамның дәреті мен ғұсыл дәреттерінің есептелмеуі.

     Қарны ауырып өлген адамның шәһит болатыны.

     Күннің сәжде жасау үшін бататыны.

     Мешіт имамы, азаншысы секілді діни сыныптар.

     Бетін бояған әйелді сабау, макияжға тыйым салу.

     Түйе сідігін ішу. 

      Айша анамыздың Пайғамбарымызға тоғыз(алты) жасында күйеуге шыққаны.

     Хадистерде айтылғандай Құранның түрлі оқулары мен нұсқалары

     

Құсайынов Тұрарбек,

"Демос" ҚБ төрағасы

 

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

 http://netref.ru/trsin-jrtbaeva-ajin-gazetini-sratari-kezinde-siz-jazfan-nanbaj.html

http://emirsaba.org/azastan-respublikasi-bilim-jene-filim-ministrligi-pavlodar-mem-v4.html?page=4

https://weekend.bugin.kz/441-alash-orda-ukimetininh-ustanymy

https://narok.com.kz/blog

                                                

Пікірлер