Каспий жағалауынан жүзден аса итбалық өлексесі табылды

902
Adyrna.kz Telegram
Сурет: РБК
Сурет: РБК

Маңғыстау облысында Каспий жағалауынан екі күнде 117 итбалық өлексесі табылды. Бұл туралы жергілікті балық шаруашылығы инспекциясы айтты, деп хабарлайды «Адырна» тілшісі.

Табылған итбалықтар былтыр қараша-желтоқсан айларында өлген деген болжам жасалып отыр. 

«Жайық-Каспий балық шаруашылығы инспекциясы 20-21 мамырда Түпқараған ауданы Форт-Шевченко қаласында рейд жүргізіп, 117 итбалық өлексесін тапты. Сараптама алу мүмкін болмады, өйткені итбалықтар шіріп кеткен»,—делінген хабарламада.

Балық шаруашылығы комитеті өлекселердің санитарлық нормаларға сай полигонға жиналып, жойылғанын мәлімдедң. Қазіргі таңда жағалауда инспекция мониторинг жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Сарапшылардың мәліметінше, 2024 жылдың қарашасынан бері теңіз жағалауынан барлығы 2194 өлі итбалық табылған.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Видео с выпускного "убило" всех родителей: кто это заснял?!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Чтобы суставы не хрустели, а боль ушла, перед сном мажьте этим...
Пікірлер