Алғашқы сапар. Дональд Трамп Папа Францисктің жерлеуіне қатысады

705
Adyrna.kz Telegram
Фото: Sarah Meyssonnier/ Pool via AP
Фото: Sarah Meyssonnier/ Pool via AP

АҚШ президенті Дональд Трамп Папа Францисктің жерлеу рәсіміне жұбайымен бірге қатысатынын мәлімдеді, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.

Бұл – Ақ үйге қайта оралғаннан кейінгі оның алғашқы шетелдік сапары.

«Біз Мелания екеуміз Папа Францисктің жерлеуіне қатысу үшін Римге барамыз. Сол жерде болуды асыға күтеміз», – деді Трамп.

Римнің алғашқы халықаралық бағыт ретінде таңдалуы бақылаушыларды таңғалдырды. Әдетте, америкалық президенттер алдымен Лондонға барады. Алайда наурыз айында Трамп бұл дәстүрден тек тиімді инвестициялық келісімдер болған жағдайда ғана бас тартатынын айтқан еді.

Кейбір интернет қолданушылары бұл сапар Италия премьер-министрі Джорджия Мелонимен қарым-қатынасты нығайтуға ықпал етуі мүмкін екенін болжады. Жақында Мелони – Трамп Ақ үйде қабылдаған алғашқы еуропалық мемлекет басшысы болған.

Сондай-ақ, Ақүйдің баспасөз хатшысы Кэролайн Ливитт Дональд Трамптың 13-16 мамыр аралығында Сауд Арабиясына, Қатарға және Біріккен Араб Әмірліктеріне (БАӘ) баратынын айтты.

Ливитт Трамптың үш елге сапар шегетінін айтқанымен, сапардың егжей-тегжейіне тоқталмады.

 

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Ложку перед сном и все! За неделю уйдет 13 кг возрастного жира...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Кардиолог шокировал мировую медицину: сосуды чистит простой...
Пікірлер