Испания соты Луис Рубиалесті кінәлі деп тапты

973
Adyrna.kz Telegram

Испания соты Испания футбол федерациясының бұрынғы басшысы Луис Рубиалесті 2023 жылғы әйелдер арасындағы Әлем чемпионатының марапаттау рәсімінде футболшы Дженни Эрмосоны еркінен тыс сүйгені үшін сексуалдық зорлық көрсетті деп таныды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Прокурорлар Рубиалесті екі жарым жылға бас бостандығынан айыруды сұраған: бір жылы — сексуалдық зорлық үшін, бір жарым жылы — қысым көрсеткені үшін. Алайда сот оны бас бостандығынан айырмай, 10 мың еуродан астам айыппұл төлеуге міндеттеді. Сондай-ақ, оған Дженни Эрмосоға 200 метрден жақындауға және бір жыл бойы байланысуға тыйым салынды.

Сот барысында Луис Рубиалес футболшының сүйіске келісім бергеніне “абсолютті сенімді” болғанын мәлімдеді. Ол бұл әрекетін “эмоциялық ықылас белгісі” деп атап, оқиғаның сол сәтте “өздігінен болғанын” айтты.

Футболшы Дженни Эрмосо сотта сүйіске ешқашан келісім бермегенін ашық айтты. Бұл оқиға үлкен жанжалға ұласып, әлемде #SeAcabó (“Бәрі бітті”) қозғалысының таралуына себеп болды. Қозғалыс әйелдер футболындағы тең құқықтарды талап еткен науқанға айналды.

Жанжалдан кейін Луис Рубиалес Испания футбол федерациясының президенті және УЕФА Атқару комитетінің вице-президенті қызметінен кетті. Сонымен қатар, ФИФА тәртіптік комитеті оны үш жылға футболмен байланысты кез келген қызметтен шеттеткен.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Это спасет потенцию даже в 70 лет! Продается в каждой аптеке...
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Близость будет по 2.5 часа! Рецепт здесь
Пікірлер