Араб - Иран қақтығысы: қазақ мүддесі

2688

Өкінішке орай, мұсылман мемлекеттері арасындағы қарсылықтар - майданға ұласуда.
Бұл өз кезеңінде-ірі саяси дағдарыстарға ұластыруда.
2040 жылы Еуропаның жартысынан көбі мұсылмандарға айналады!
Мишель Уельбек "Бағыну" романында 2022 жылы Францияда мұсылман президент болады деп жазды.
Charlie Hebdo журналына 2015 жылы шабуыл жасалып 12 адам өлді.
Осы журнал 2006 жылғы "Он екінің манифесінде" ; -  "...ислам-фашизм, нацизм және сталинизмнен кейінгі қатер...", - деді!
Ежелден мұсылмандарды бөлу процесі жүруде, бұл әсіресе сунниттер мен шейттер арасында анық көрінеді.
Тегеранда  христиан шіркеуі бар да, бір де бір сунниттер мешіті жоқ!
Суннит мешіттері "масжиду дирар" деп айдарланып,  таңбаланып тастаған.
Аятолланың келуіне бірден-бір үлес қосқан сунниттер болса да!
Бүгін шейх Әбду-Насы Сабхани,  шейх Абдухақ Жапари,  шейх Әбдул Уахаб Сидикки т.б мұсылман суннит ғалымдары жоғалған я өлтірілген.
2011 жылы Иран Бахрейнде 500 шейт мешітінің талқандалғанын мәлімдеді!
Бұның ішінде, төрт жүз жылдық тарихы бар Мұқаммед әл-Барбағи мешітінің бар екені өкінішті.  Әлемге трактормен күреліп жатқан осы мешіт фотосы кеңінен тарады!
Бұның соңы сунниттердің  "шейттер ғ.с.Мұхаммедтің тырнағына тұрмайды" деген мәлімдемесіне (пәтуә емес) әкелді.
Сириядағы уақапшылдар осыны тұтынады!
...олар шейттерге қарсы соғысуда...
Сунниттер бес уақыт намаз оқыса - шейттер үш уақытты жөн санайды.  Шейттер Әбу-Бәкірді емес,  Пайғамбардың күйеу баласы Әліні халиф санайды,  бұл ғ.с. Мұхаммед қалауы деп біледі,  Меккеден басқа он бір имамның басына - моласына зиярат етеді, он екінші Мәді басы жасырын деп ұғады.  "Кербала шөлі"  дастандары бертінге дейін қазақ ішінде айтылып жүрді,  осында Әлі ұлы Құсайын өлтірілген соң суннит пен шейіт арасы қосылмастай ашылды.

Бүгіндері Иран "бұғатталып" отыр.  Егер Иран күшейсе Каспи теңізі (олар көл деп санайды) ішіндегі он үш пайыздық үлестеріне риза емес - пейілдері ту алары анық.
Каспийге орыс пен иран қатар таласуда!
Сунниттік "саналар" Қазақ еліне айтар Иранның уәжі мол...
Әлем саясатында көрермен емес - тұтынушы біз үшін бұл қауіпті.
Артын тосу - біздің биліктің жайлы әдісі!
Артын тосайық...

Серік Елікбай

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket