Арысқа Арбат емес, халыққа тұратын үй керек!

3684

Арысқа арбат, жол, суағар, тратуар керек емес!
Арысқа халықтың үйлері біткені керек!

Дәл қәзір Арысқа Арбаттың не қажеті бар?
Саябақтың ішіне тойхана салып, демалатын орынды кәсіпкерге сатып жіберіп отырса?!
Енді келіп барак үйлердің қасынан демалатын орын "арбат" салып жатыр . Бұл не ақша игерудің жаңа жолын ойлап тауып отырсыздар ма? Халықтың үйіне жетпей жатқан ақша арбатқа қайдан табылды?
"Жолдың бәрін жаңартып жатырмыз"- деп отырсыздар!? Заң бойынша Арыс қаласының үйлеріне газ қыркүйек айында кіру керек болатын. Бірақта ақша жоқ, ақша қараша( ноябрь) де болады, сол кезде кіреді депсіздер! Сонда мына жаңа салынған жол, суағар, тротуарлардың бәрін қайтадан бұзасыздар ма?
Газ құбырларын кіргізген компаниялармен сөйлестім, барлық жұмыс бітіп тұр. Газ Арысқа кіріп тұр. Тек үйлерге кіргізу үшін ақша бөлмей отыр дейді. Келіп тұрған газды кіргізіп барып, жол төсеуге болмайды ма? Неге әкімдік бірінші үстін сосын барып астын істейді? Газ кіргізетін компания заңгерлері :"Ертең жол, тратуар, суағарлардың бәрің қайта бұзамыз, бірақ бәрін орнына қайта келтірмейміз бізге ол үшін ақша бөлінбеген"- деп отыр.
Үйлерден бұрын арбат, жол, тратуар, суағар салып, ертең оны бұзып тастаса, ол кеткен ақшалардың сұрауы кімнен болады?
Ақша жеудің неше түрлі айласы бар екенін білемін. Бірақ әр жарылыстан үрейі ұшып, қайғырып отырған Арыс халқының қайғысынан ақша жеу дұрыс па халқым?
Ал айтыңыздаршы төрелігін?!
Бұл былық қашанғы жалғаспақ?
Әкім де , депутатта қасымда жүріп халықтың шағымын тыңдауға қашты! Оған өздеріңіз кеше эфирде куә болдыңыздар! Сонда Арыс халқының мәселесін кім шешеді? Сонда әкімдер өздеріне керек дүниелерді ғана салады ма? Дәл қәзір халыққа арбат,жол, тратуар емес, жарылып тұрған үйлердің бітелгені, шатырларының жабылғаны керек!

Айгүл Орынбек

"Адырна" ұлттық порталы

Пікірлер
Редакция таңдауы
Серіктестер/Партнеры
Студия IMA - создание сайтов Доставка цветов Астана - Lova Buket