«Сұңқар» арнайы жасағы халықаралық жарыста алтын медаль жеңіп алды

867
Adyrna.kz Telegram
Фото: 24kz
Фото: 24kz

ҚР Ішкі істер министрлігінің "Сұңқар" арнайы жасағы Біріккен Араб Әмірліктерінде (Дубай) өткен SWAT Challenge халықаралық жарысында бас жүлдені иеленді. Қазақстандық жасақ ең жоғары нәтиже көрсетіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға шықты.

Сонымен қатар, қазақстандық басқа арнайы жасақтар – "Арыстан", "Сардар" және "Арлан" да үздік нәтиже көрсетіп, жарыстың ТОП-10 қатарына енді. "Сұңқар" арнайы жасағы жарыстың бірінші кезеңін 1 минут 34 секундта аяқтады. Осы уақыт ішінде олар кедергілерден өтіп, нысаналарды дәл көздеп, шартты тұтқындарды босатты. Бұл көрсеткішке тек қытайлық командалар жақындай алды, бірақ айырмашылық өте аз болды.

ҚР ІІМ Ұлттық ұлан Бас қолбасшысының орынбасары Әнсаған Балтабеков арнайы жасақтардың бұл жетістігі мемлекет басшысы мен үкіметтің қолдауының арқасында мүмкін болғанын атап өтті. Оның айтуынша, арнайы жасақтар үздік жабдықтармен, қару-жарақпен қамтамасыз етілген және лаңкестікке қарсы операцияларды сәтті орындау үшін күшейтілген дайындықтан өтеді.

Биылғы жылы Қазақстаннан алғаш рет әйелдер құрамасы – "Томирис" жарысқа қатысып отыр. Бұл командаға еліміздің әр өңірінен ең үздік арнайы жасақ жауынгерлері іріктелген.

"Команда атауын өзіміз таңдадық. Себебі Томирис – жауынгер қыз. Біз осылайша қазақстандық әйелдердің неге қабілетті екенін көрсеткіміз келді", – дейді команда капитаны Айнағүл Байжігітова.

SWAT Challenge халықаралық жарысына 80-нен астам елден 106 команда қатысуда. Қазақстан бұл байқауға 12 арнайы бөлімшемен қатысып отыр. Олардың қатарында Ұлттық қауіпсіздік комитеті, Мемлекеттік күзет қызметі және аймақтық полиция департаменттері бар. Жарыс әлі төрт күн бойы жалғасады.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Пьяные что ли? Пугачева с мужем шокировали своим развратом
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Девушка из г Колумбус опозорилась на всю Беларусь! Видео ошеломит
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Пікірлер