Алматы әуежайында жолаушы әуекомпания қызметкеріне шабуыл жасады

150
Adyrna.kz Telegram
Фото: gladysliu.com
Фото: gladysliu.com

Алматы халықаралық әуежайында FlyArystan әуекомпаниясының қызметкеріне жолаушы шабуыл жасады, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әуеакомпанияның мәліметінше, оқиға Алматы халықаралық әуежайында болған.

«Жолаушы тіркеу үстеліне ұшуға 30 минут қалғанда келіп, рейске тіркелгенін растағаннан кейін қауіпсіздік тексеруіне өту үшін бағыт алған. Алайда ол үлгермеген. Осыдан кейін жолаушы қайтадан тіркеу аймағына келіп, тексеруге жіберген қызметкерге ашуын көрсеткен. Оқиға барысында ол қызметкердің телефонын лақтырып, оған жұдырықпен соққылар жасаған. Бұл агрессия бейнебақылау камераларымен және куәгерлермен расталды», – делінген FlyArystan-ның Telegram арнасында жарияланған хабарламада.

Әуекомпания ұшаққа отыру рейс ұшқанға 30 минут қалғанда басталатынын еске салды.

«Деструктивті мінез-құлық танытқан жолаушы қазіргі заңнамаларға сәйкес жауапқа тартылады. Авиакомпания сондай-ақ қауіпсіздік саясаты аясында тиісті шаралар қолдану құқығын сақтайды, соның ішінде оны «қара тізімге» енгізу мүмкіндігін қарастырады», – деп хабарлады компания.

Пікірлер