Тәжин кетті, Көшербаев келді

3761
Adyrna.kz Telegram

Мемлекет басшысының Жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды.

Марат Тәжин биыл наурыз айынан бастап Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметін атқарған еді

 Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік хатшы Марат Тәжинді қызметінен босатты. Мемлекет басшысының жарлығы Ақорда сайтында жарияланған.

"Мемлекет басшысының жарлығымен Марат Мұханбетқазыұлы Тәжин басқа жұмысқа ауысуына байланысты Қазақстан Республикасының мемлекеттік хатшысы қызметінен босатылды", - делінген хабарламада.

Қ.Е. Көшербаевты Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы қызметіне тағайындау туралы  "Қырымбек Елеуұлы Көшербаев Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметінен босатылсын", - делінген президент қаулысында.

Е.Ж. Қошановты Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы қызметіне тағайындау туралы "Ерлан Жақанұлы Қошанов Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Басшысы болып тағайындалсын, ол Қарағанды облысының әкімі қызметінен босатылсын", - деген президент қаулысында.

 

"Адырна" ұлттық порталы

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Женатым лучше не смотреть: танец роскошной Татьяны (видео)
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Школьники потрясли всю сеть этим танцем — смотреть без детей!
Пікірлер