Алматы-Текелі трассасында жол апатынан 7 адам қаза тапты

776
 Алматы облысында екі көлік соқтығысып  7 адам қаза тапты.   Жол-көлік оқиғасына қатысты тергеу амалдары басталды.  Бұл туралы облыстық полицияның баспасөз қызметі хабарлады.

Жол апаты Ескелді ауданында қыркүйектің 15-нен 16-на қараған түні Алматы-Текелі автожолының 26 км болған.  Оқиға орнында 6 адам қаза болып, 3 адамды Текелі ауруханасына жатқызған.

«Дәрігерлер қолдан келгенін барын жасады. Бірақ ауруханаға түскен 3 адамның біреуі қайтыс болды. Қазір жол-көлік апатына қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 345-бабы 3-тармағына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр», - деді Алматы облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Дереккөзі BAQ.KZ.
Пікірлер