Ауруханада жатқан зейнеткердің 13 миллион теңгесі ұрланған

1287
Adyrna.kz Telegram
фото: ашық дереккөзден
фото: ашық дереккөзден

Екібастұз қаласының тұрғынынан белгісіз біреу шамамен 13 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы. 

Әйелдің айтуынша, ақша оның ауруханада жатқан кезінде жоғалған.

Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін инсульт бөлімшесінде емделген. Зейнеткермен бір палатада жатқан науқастардың барлығынан жауап алынды.

«Нәтижесінде, ақшаның жоғалуына жас әйелдің қатысы бары анықталды. Ол зейнеткердің банк қосымшасына кіріп, оның шотындағы жинақтарын өзіне аударған. Күдікті мұндай әрекеттің әшкере болатынын күтпегенін мойындады», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец выпускников взорвал интернет: Смотреть до конца!
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Танец на выпускном взорвал сеть: смотреть без детей
Реклама
  • ИП Попов А.П.
  • ИНН: 602715631406
Весишь 81? А будешь 51! Похудение для ленивых! Пейте 1 кислую...
Пікірлер