Ауруханада жатқан зейнеткердің 13 миллион теңгесі ұрланған

1353
Adyrna.kz Telegram
https://adyrna.kz/content/uploads/2018/07/A--SHALAR-960x500.jpg?token=02977a0e5a38068b725a64fec1fc3c6e
Екібастұз қаласының тұрғынынан белгісіз біреу шамамен 13 миллион теңге көлеміндегі қаражатты ұрлап кеткен, деп хабарлайды "Адырна" ұлттық порталы.  Әйелдің айтуынша, ақша оның ауруханада жатқан кезінде жоғалған. Тәртіп сақшыларының мәліметінше, ол 28 қарашадан 2 желтоқсанға дейін инсульт бөлімшесінде емделген. Зейнеткермен бір палатада жатқан науқастардың барлығынан жауап алынды. «Нәтижесінде, ақшаның жоғалуына жас әйелдің қатысы бары анықталды. Ол зейнеткердің банк қосымшасына кіріп, оның шотындағы жинақтарын өзіне аударған. Күдікті мұндай әрекеттің әшкере болатынын күтпегенін мойындады», – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі. Ұрлық фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Комментарии