84 жастағы Назарбаевтың жеке өмірі мемлекеттік құпияға қамтылды

140
Adyrna.kz Telegram
Getty Images
Getty Images

Қазақстанның бұрынғы президенттерінің денсаулығы мен жеке өмірі туралы ақпарат мемлекеттік құпияға жатады және оны таратуға тыйым салынады. Бұл туралы бүгін Сенаттың жалпы отырысында айтылды, деп хабарлайды “Адырна” ұлттық порталы.

Сенаттың жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесі, ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив ісі салаларында артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қаралып, мақұлданды. 

Осы мақұлданған заң аясында «Мемлекеттік құпиялар туралы» ҚР Заңына тиісті толықтыру қарастырылды. Бұл жөнінде Сенаттың Әлеуметтік-мәдени даму және ғылым комитетінің қорытынды мәліметінде баяндалған. 

- «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңына барлаушылық, қарсы барлаушылық, жедел-іздестірушілік және өзге де қызметті мемлекеттік құпияларға жатқызудан басқа, Қазақстан Президентінің және оның отбасы мүшелерінің қауіпсіздігін қамтамасыз етудің ұйымдастырылуы, күштері, құралдары мен әдістері туралы мәліметтер, ҚР Президентінің денсаулық жағдайы мен жеке өмірі туралы мәліметтер, Қазақстанның экс-Президенттерінің және олардың отбасы мүшелері туралы ұқсас мәліметтерді енгізу бойынша толықтыру енгізіледі, - делінген Сенат комитетінің ақпаратында.

Пікірлер